Сиқырлы текше

«Ақбота» екінші кіші  тобы үшін

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

 Тәрбиеші: Кадрышева Ж.М.

Білім беру саласы:  Коммуникация, Денсаулық, Әлеуметтік орта,Таным.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: кіріктірілген

Тақырыбы:  «Сиқырлы текше»

Міндеттері:

1.Білімділік міндеті: көктем мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту. Жыл көлемінде өткен тақырыптарды қортындылау арқылы білімдерін тиянақтау.

2.Дамытушылық міндеті: Балаларға толық сөйлеммен дұрыс жауап беруге дағдыландыру , сөздік қорын байыту. Түрлі ойын жаттығулар арқылы ойлау қабілеттерін, зейінін ,байқағыштықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік міндеті: Жәндіктерге, өсімдіктерге  қамқор жасауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлар мен жабайы жануарлардың суреттері,құстар мен жәндіктердің суреттері, күнбағыс суреті, интерактивті тақта, музыка.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Тілдің үштұғырлығы: сәлеметсіз бе – здравствуйте — hello  , сау болыңыз- досвидание- good bye ,сиыр- корова-cow, ара- пчела- bee, тауық – курица – hen, түлкі – лиса- fox.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің  іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар топқа кіреді

Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!
Қане, балалар, бір — бірімізге мейірім сыйлайықшы, ол үшін бір — бірімізге қарап күлеміз.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ен алғашқы көктем гүлі?

Тағы қандай гүлдер білесіндер?

Тәрбиеші:Балалар есік қағылды, кім екен көрейікші.

Қонаққа  күнбағыс келеді.

Күнбағыс  неге көңіл күйін жоқ?

—          Мен жалғызбын, менімен ешкім ойнамайды менде достарым да жоқ

Күнбағыс онда сен бізбен бірге ойна.

Балалар кәне күнбағыспен бірге ойнайық па?

Күнбағыстың қолында текшесі бар екен. Ол жай текше емес суреттері бар сиқырлы текше екен.

Балалар  3 тілде сәлемдеседі

Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір- біріне жылу сыйлайды.

Көктем  мезгілі.

Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты.Құстар ұшып келді.

Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.

Бәйшешек гүлі,

Күнбағыспен амандасады.

 

 

 

 

 

—          Ия

Ұйымдастырушы-лық -ізденістік Кәне сиқырлы текшені лақтырып көрейік.

Ненің суреті түсті?

-Дұрыс балалар ол Ара

Араны орша мен ағылшынша атауы қалай?

Тақтаға назар аударайық

Д/О«Не жоқ?»

Қандай жәндіктерді көріп тұрсындар?

Қайсысы жоқ?

Д/О«Күнбағысты санау»

— Тақтадан 1 ден 5 ке дейінгі күнбағыс сүреттері мен жәндіктер шығады

-Балалар тақтадағы күнбағысты 3 тілде санайды

Тура және кері санайды.

Күнбағыс саған арналған әніміз бар

Сергіту сәті: «Подсолнушка, я маленькая солнышка»

Кәне сиқырлы текшені тағы лақтырып көрейік.

Ненің суреті түсті?

-Дұрыс балалар ол сиыр

3 тілде атауы қандай?

Д/О«Төлдерін тап»

Кәне сиқырлы текшені тағы лақтырып көрейік.

Ненің суреті түсті?

-Дұрыс балалар ол тауық

3 тілде атауы қандай?

Қ/О«Құстар»

Кәне бәріміз үстелдегі құстарды тандап алып, бәріміз құстарға ұқсап ұшамыз да өз орнымызға қонамыз.

Дала құстары орман сүреттің қасында, ал үй құстары үдің қасында.

Кәне сиқырлы текшені тағы лақтырып көрейік.

Ненің суреті?

Түлкінің 3 тілде атауы қандай?

Д/О«Ойлан тап?»

Геометриялық пішіндерді ата

Ойын «қай жануарға ұқсайды»

Дұрыс балалар

Саусақ жаттығуы

Балалар кәне күнбағысқа көп достарын жасап берейік пе?

Оған күнбағыс жасап берейік.

Күнбағыс  балаларға рахмет айтады.

 Балалар мұқият текшеге қарайды.

Ара

 

Ара— пчела- bee

Тақтадан жәндіктердің суреттері бейнеленген.

Қай жәндік жоғалғанын айтады.

 

 

1ден 5 сана. Кері санау.

3 тілде санайды.

Балалар жеке, хормен санайды

 

Балалар тәрбиешінің артынан қимыл — қозғалыс арқылы қайталайды

 

 

Балалар 3 тілде атайды

Балалар үстел үстінде үй жануар мен олардың төлдерін сызық арқылы қосады.

Тәрбиешінің қойған сұрақтарға толық жауап береді

Балалар ойынға белсене қатысады

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауап береді.

 

 

 

 

Балалар қолдарын жаттықтырады

Балалар күнбағыс ортасына дәндерін жабыстырады.

Күнбағыспен қоштасады.

Рефлексивті-түзетуші Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды

 

— бүгің бізге қонаққа кім келді?

— оған не болыпты?

Оған не жасап бердік?

-текшеде қандай суреттер бейнеленген?

— оған қалай көмек көрсеттік?

Тәрбиеші балаларды мақтайды.

Жарайсыңдар балалар!

Балалар сұрақтарға жауаптар қайтарады

-Күнбағыс

Балалардың жауабы

Тәрбиешінің қойған сұрақтарға толық жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:  заттарды санауды 5көлемінде (тура ,кері).

Білуге тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін

Істей білуі керек: тәрбиешінің айтқан сөзін қайталау.Сұрақтарға толық жауаптар беру.

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *