Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтайық!»

Маңғыстау облысы: Мұнайлы ауданы
№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы
Тәрбиеші: Аймаганбетова Зина Сериковна

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту; Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру; Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық Жылулық шеңбер
Күндей жадырап
Айдай арайлап
Жұлдыздай жарқырап
Судай көңілмен бүгінгі күнімізді бастайық
Балалар біз бүгін жол ережесімен танысамыз. Жолда жүрудің, адамдардың да көліктердің де өз тәртібі бар.
Жұмбақ
Бір көзім «кідір» дейді
Бір көзім «жүгір» дейді
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді (Бағдаршам) Тәрбиешімен бірге қайталайды
Тәрбиешіні тыңдайды

Жұмбақты шешеді
Ұйымдастыр- іздесттіру Топқа Дымбілмес пен Бағдаршам кіреді.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мені барлық елдердің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы қонаққа келдім, өзіммен бірге Дымбілместі ерте келдім, ол жол ережелерін білмейді.
Балалар, келіңдер, Дымбілмеске жол ережесін үйретейік.
Дымбілмес: Маған көмектесуге келіскендерің үшін ризамын.Мен қателесіп едім жол ережесі бұзылды.
Суретпен жұмыс
Тәрбиеші тақтадағы ілініп тұрған жол белгілерінің суреттерін балаларға түсіндіреді.
Бағдаршам: Дымбілмес сен жол ережелерін жаттап алу керексін. Ол үшін балалардың жауаптарын тыңда.

Ойын: «Ыстық доп»
Шарты: Бағдаршам допты лақтырып, балаларға сұрақ қояды.
Көшеде келе жатқан адамдарды қалай атайды?
Жая жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
Жүретін жолды қалай атаймыз?
Жолдың қай жақ бөлігімен жүрген дұрыс?
Шығармашылық сәт:
Бағдаршамды дұрыс бояуға тапсырма береді

Сергіту сәті:
Көтереміз қолымызды,
Созыламыз жоғары
Бір, екі, үш, төрт.
Денеңді солға бұр
Денеңді оңға бұр
Қолыңмен көмектесіп,
Беліңді шымықтыр.
«Ауада, жерде, суда» дидактикалық ойыны
Тақтада мәшине жолының, теңіздің, теміржолмн бұлтты аспанның суреті қойылады. Балаларға көлік түрлерінің суреттері беріледі. Қолдарындағы суреттерді тиісті орынға қоюды ұсынады.
«Бағдаршамды құрастыр» ойыны
Суретке қарап, ортада жатқан қораптардан бағдаршамның түстерін құрастыру. Бағдаршам,
Дымбілмеспен амандасады

Балалар келіседі

Балалар мұқият тыңдайды

Сұрақтарға жауап береді

Бағдаршам дөңгелектерін бояйды

Сергіту сәтін қимыл қозғалыстар арқылы жасайды.

Қолдарындағы көліктердің суреттерін тиісті орынға қояды.

Суретке қарап қорапшалар арқылы бағдаршамды құрастырады
Рефлексивті-түзетушілік Дымбілмес балаларға рахмет айтып, бағдаршаммен бірге қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші сұрақтар қойып , тақырыпты қорытады.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды. Дымбілмеспен бағдаршаммен қоштасады
Сұрақтарға жауап береді
Қажетті құрал жабдықтар: Көлік, жаяу жүргінші жолы мен көліктерге арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен, автобус аялдамасының белгілері, үйдің макеті, түрлі түсті карындаштар.
Әдіс тәсілдер: көрнекілік, ойындар.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жаяу жүргіншілер жолы, жол қиылысы, бағдаршам түсінің белгілерін
Нені игерді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін
Нені білді: жол белгілері, олардың мағынасын, жол ережесін сақтауды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *