Қиялды жаттықтыру!

Пәні: Танымдық әрекетін түзету.
Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қиялды жаттықтыру!
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушының қиял ерекшеліктерін зерттеу, оқушы қиялын басқара білу тапсырмаларды орындау кезінде өзің-өзі бақылауды қалыптастыруға үйрету.
2. Оқушымен жұмыс істеуде қиял ерекшеліктерін ары қарай дамыту.
3. Өз ерекшеліктерін дұрыс қабылдауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру сәті: Оқушымен амандасу. Сабаққа керекті заттарды дайындап оқушының зейінің сабаққа аудару.
2. Қабылдауға дайындалу.
Миға арналған жаттығулар.
1.Басымызды шайқау, терең демаласын, дененді босансытып, басынды алдыға түсіресің, басынды жан-жаққа шайқайсын,30 сек орындалады.
2.Жалқау сегіздіктер. Ауада әр қолымен 8 санын сызамыз, содан кейін екі қолымен бірге сызамыз. Тапсырма үш рет қайталанады.
1. «Пантомима» ойыны
Бұл ойын қиялды және шығармашылық қабілеттерді дамытуға арналған.
Баланы дене қимылдарымен, ыммен , дыбыстармен қандай да бір затты(поезд, машина, шайнек) немесе іс-әрекетті (жуыну,шаш тарау, сурет салу, жүзу) бейнелеуін сұраңыз.
Егер бірінші жолы орындай алмаса, қалай жасауға болатынын өзіңіз көрсетіңіз. «Ойлан тап» ойнаңыз: сіздің не бейнелегеніңізді бала ойлап табады, сосын керісінше-баланың не бейнелегенін сіз табуыңыз керек. Күлкілі нұсқалар ойлап табуға тырысыңыз.
2. Көру қиялын дамыту жаттығулары
Балаға әртүрлі аяқталмаған бейнелер кескінделген суретті ұсыныңыз да, осы бейнелерді қолдана отырып, қызықты бір нәрсе салуын сұраңыз. Бала сурет салып болған соң, оның не бейнелегені туралы айтып беруін сұраңыз.
3. «Нүктелер» жаттығуы
Балаға мысал түрінде, нүктелерді қосып қалай сурет салуға болатынын көрсетіңіз. Ал енді оның өзінен нүктелерді қоса отырып сурет, бейне салып көруін өтініңіз. Әрбір жағдайда барлық нүктелерді қолдану міндетті емес.

4. «Құрастыру» жаттығуы
Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квдраттарды қолданып, баладан мүмкіндігіншн көбірек заттардың суретін салуын өтінеді. Кейбір фигураны бірнеше рет қолдануға, кебіреуін қолданбауға болады. Фигуралардың өлшемдерін өзгертуге болады. Негізгі шарт — басқа фигураларды қосуға болмайды.

5. Вербальді (сөздік) қиялды дамыту жаттығулары
Балаға мынадай ойын ұсыныңыз: «Елестетіп көр, не болады, егер….». Мысалы, мысықтар үшін мектеп ашылыпты, деп елестету. Немесе иттер адамша сөйлейтін болыпты т.с.с.
Баланың ұиялы қаншалықты дамыған болса, ол соншалықты қызықты, өзіндік,соны (оригинальный) нұсқалар ұсынады.
Сабақты пысықтау.
Бүгін сабақ саған ұнадыма?
Көңіл-күйін қандай? Қандай сезімдесің?
Коррекциялық сабақтан күтілетін нәтиже.
Балада оқуға құштарлыққа талпындыру. Бала өз жетістіктеріне көңіл аудара білуді, дұрыс қабылдай алуды, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуді қамтамасыз ету.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *