«Шынықсаң шымыр боласың»

Тәрбиеші: Нұрылла Нұрлыгүл Аманжолқызы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тобы: «Балбөбек» ересек тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боласың»
Мақсаты; Балаларға жаттығудың адам денсаулығына пайдасы мен
шипасы туралы түсіндіре отырып іс жүзінде көрсету. Балалардың дене белсенділігін дамыту,денелерінің түзу сымбатты қалыптасуына көңіл бөлу.
Балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру,салауатты өмір
сүру салтына тәрбиелеу, ептілікке, төзімділікке, достыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері:Түсіндіру,көрсету,ойын.
Шаттық шеңбері:
— Балалар, қараңдаршы, бізге бүгін көптеген қонақтар келіп қалыпты қонақтарға амандасайық.
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бізге шапағын.
Қуанышты бүгін күн,
Қайырлы таң айтатын.
Қайырлы таң, балалар! Қайырлы таң, апайлар!
— Балалар, қараңдаршы, біз бүгін қандай әдемі боп тұрмыз. Біз қандай баламыз?
1.Балалар жай әуенмен дөңгеленіп кеп тұрады, амандасады.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
— Боранның дыбысын салайықшы.
Балалар ауаны мұрынымен жұтып, УУУУУУУ деп боранның дыбысын салады
Балалар шаттық шеңберін қимылмен жасайды.
Ақылды біз баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып,
Өсіп үлкен боламыз.
Балалар ауаны мұрынымен жұтып, УУУУУУУ деп боранның дыбысын салады
Түрлі жүріс түрлерін жүргізу
а) Біз көңілді баламыз
Жаттығуды жасаймыз,
Денені тік ұстаймыз
б) Түзу болсын арқамыз,
Өкшемізбен жүреміз.
в) Аяқтың ұшымен де
Жүруді біз білеміз.
Түлкілерше майысамыз
Ал енді қояндарша
Секірейік бәріміз
г)Жүгіреміз түзу жолмен
Адаспай бір-бірімізден
Жүгіру жаттығулары;тізені көтеріп жүгіреміз,аяқты артқа лақтырып жүгіреміз,тиін жүгірісін саламыз.
4. Тыныс алу жаттығуы
Негізгі бөлім
Негізгі қимылдар:
1. Допты бір-біріне беру
2.Биіктігі 5-10 см зат арқылы жерде жатқан шеңберге секіру
Балалар екі қатарға тұрады ,бір-біріне допты лақтыру, қағып алу жаттығуларын жасайды.
Жай жүріспен жүріп келіп жерде жатқан шеңберге кезек- кезек секіріп 2-3 рет қайталайды.
«Қоян мен қасқыр»
Балалардың барлығы қоян қалған үш бала қасқыр болып ойын ойнайды.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма ойынды жақсы ойнадыңдар ой жарайсындар.
Балалар қолдарын жоғары көтеріп, қайта түсіру арқылы тыныс алу жаттығуын орындайды.
Тәрбиеші
Шаршаған жоқпыз
Балалар,бізге өте көңілді.
Рахмет
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:

Игереді:Доппен жаттығу жасауды,20-25см заттан шеңберге секіруді.
Түсінеді : Жаттығудың денсаулыққа пайдасын,
Жасайды: Нұсқау бойынша, өз беттерінше.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *