«Түрлі- түсті пластик»  ( тыныс алу жаттығулары)

Алматы қаласы

Жетісу ауданы

КММ«№103 санаториялық

бөбекжай-балабақшасы»

Сыдыканова  Шынар  Кадырмоллаевна

тәрбиеші

Білім  саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: Дене шынықтыру
Тақырыбы:    «Түрлі- түсті пластик»  ( тыныс алу жаттығулары)

Мақсаты: Балаларды дұрыс тыныс ала білуге үйрету,  қимылдық белсенділігін дамыту жəне дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру.

 

Қолданылатын құрал жабдықтар: доптар, табанға арналған кедір- бүдыр жолақша, тыныс алу жаттығуларына арналған дәстүрден тыс құралдар. су, доп, урлеуге арналған таяқшалар.

 

Кіріспе бөлім

Қатарға тұру, сапқа тұру, сәлемдесу.

Орман аңдарының жүрісін келтіру:

1.«Керік»
Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

2.«Түлкі»

Қолды төмен,алақанды жанға ұстап, аяқты кезектестіріп айқасытырып бір сызық бойымен жүру

3.Марышпен жүру  кезінде көкқұтан дегенде бір аяқтарын бүгіп, қолдарын екі жаққа созып турып қалу.

Қайта жүрген  кезде бақа дегенде отыра қалу.
4.  Тыныс алу жаттығуы. «Әтеш»

Түзу тұру, аяқ алшақ, қолды түсіру. Қолды жан – жаққа созу, ауаны ішіне тарту (демалу) , санды қолмен соғуғ ауаны(дем) шығару. Ауаны сыртқа шығару арқылы «ку-ка-ре-ку», «куд-ку-дах» деп дыбыстау. 3 – 4 рет қайталау.

Саппен жүріп,екі қатарға бөліну.
Жалпы дамыту жаттығулары:

1.Кобра

Б.қ.: аяқ сәл алшақ, қол шетке созулы.

Аяқ алшақ қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен түру

2.Маймыл

Қол желкеде аяқ алшақ белді екі жаққа айналдыру.

  1. Арыстан

Көңілді арыстан ,ашулы арыстан

4.Теңіз мысығы

Жерге жатып аяқ қолды бірге көтеріп алақанды шапалақтау.

5.Кенгіру

Қол белде екі жаққа, жеңіл, серіппелі секіру. 4–5 рет қайталау,  жүрумен алмастыру

 

  1. Тыныс алу жаттығуы. « Бөтелкедегі жел.»

Негізгі қимылдар:

Бір қатарға түру

1.Жіптің үстімен қолдарын екі жанға созып жүру, тепе- теңдікті сақтап жүру.

  1. Төрт тағандап еңбектеп жүру.

 

  1. Табанға арналған кедір- бұдыр жолдармен жүру

4.Доптарды  ұяшықтарға дәлдеп  түсіру

Қимылды ойын: « Қасқыр қакпан» ойыны.
Ойын  барысы: балалар екі топқа бөлініп, үлкен топ «қақпан», екіншісі «қасқырлар»  болады.Үлкен  топтағы балалар  қол  ұстасып  шеңбер  құра жүріп  өлең айтады.
Қане, қане,  халайық.
Қасқыр  қақпан  құрайық.
Қане, қақпан  берік  бол,
Қасқыр, қасқыр,  келіп  көр, — дегеннен  кейін, ұстасқан  қолдарын  жоғары  көтереді. Осы  сәтте  шетте  тұрған  қасқырлар  шеңбер  тасасындағы  қой  қораға  лап  қояды. Егер  ойын  басқарушының  «жат»  деген  сөзінен  кейін  барлығы  қолдарын  төмен  түсіріп  отырып  қалса, ортада  қалған  қасқырлар  қақпан  тобына  қосылады. Ал, өтіп кеткендері ойынды  жалғастырады. Сөйтіп, ойын  ең  соңғы  қасқыр  қалғанша  жалғасады.

Тыныс алу ойындары .

Сабырлы ойын. «Футбол»

Балалар екі тең, жұп топқа бөлінеді де,үстелдің екі қарсы бетіне отырады. Алаңның ортасына – үстелге – кішігірім мақта бөлігі (доп орнына) қойылады. Балалар кезекпен допты үрлеп, қарсыласының қақпасына кіргізуге тырысады. Қақпа шекарасын қарындаштың көмегімен не басқа да тәсілдермен белгілеуге болады.Кім көп доп енгізсе, сол жеңімпаз атанады.

Судағы доптарды үрлеу.

Мазмұны: Су толтырылған ыдыстағы суға допты салып, бала тілдің ұшына түтікшені қыстырып, ыдыстағы суды үрлейді. Үрлеу барысында ерін қимылдамау керек, бет ісінбеу керек.

Қорытындылау.

Балалар  сендерге зообақтағы қандай жануарлар ұнады?

Балалар өздеріне ұнаған жануарларды атап береді..

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *