Моделдеу жумыстары

Ахатаева Зибайра Жолдасбековна

Түркістан облысы

Шардара қаласы

№16 колледж

Арнайы пән оқытушысы

Моделдеу жұмыстары

3 курс Т-44 тобы «____»___________2018

Пәні  Киімдерді құрастыру 

Сабақ тақырыбы: Бел сызығындағы қымтыманы сызу,бөксе сызығы  бойынша негізін тексеру.Моделдеу жұмыстары.

Сабақтың мақсаты: Иық бұйымдары түрлерімен таныстыру, киімге қойылатын талаптармен таныстыру, әйелдің киімін дайындаудың ерекшеліктерін ашып көрсету.

 

а) Білімділік мақсаты: Студенттерге әйел киіміні бірізділігімен таныстыру, өңделу технологиялық шартымен таныстыру.

 

ә) Тәрбиелік мақсаты: Зейіндікке, жұмыс атқару кезінде жауапкершілікке, мұқияттылыққа, дәлдікке, сенімділікке, жұмыс мәдениетіне тәрбиелеу.

 

б) Дамытушылық мақсаты: Студенттердің сабаққа белсенділіктерін арттыру,өз бетімен жұмыс дағлыларын қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі:  Ашық сабақ

Сабақтың әдісі:  Оқыту әдісімен өту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулуқтар,сән журналдары,көрнекілік үлгілер, суреттер, кестелер, сиқырлы қоржын.

Пәнаралық байланыс: Киім дайындау технологиясы,киім құрастыру,материал тану,құрал жабдықтар, бейнелеу,сызу,математика.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

-Студенттермен сәлемдесу

-Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру

-Сабақтың мақсатымен таныстыру

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

«Сиқырлы қоржын» сұрақтарына жауап беру.

1) Қандай киім түрлерін білеміз?
2) Иық бұйымдар дегеніміз не?
3) Иық бұйымдарға қажетті негізгі өлшем?
4) Иықты бұйымдарды ата?

5)Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

Иық бұйымдары деп, аты айтып тұрғандай, иыққа киілетін барлық бұйымдарды айтады. Оларға көйлек, халат, шапан, камзол, тон жейде, костюм т. б жатады. Өткен жылы белдемшелі бұйымдармен, олардың тігілу тәсілдерімен таныстыңдар. Иық бұйымдарының айырмашылығы — мұнда мойын ойындысы, қолтық ойындысы, жаға, өңір болады. Сонымен қатар иық бұйымдары қолдану орнына, сәніне қарай ұзын, қысқа, жеңі жоқ, жағасы да әртүрлі пішінде тігіледі. Ер және әйел киімдерінің өзіндік конструкциялық ерекшеліктері болады.

Киімнің конструкциялық ерекшеліктері:


Әйелдер киімі:
Кеуде, бел, иық бүкпелері болады,түймелік орны оңнан солға қарай бағытталған
Ерлер киімі:
Иығы кең, түймелік орны солдан оңға қарай бағытталған
Адамның жас ерекшелігіне қарай:
— Мектепке дейінгі балалар киімі
— Мектеп жасындағы балалар киімі
— Ересектер киімі
Силуэт бойынша:
— Қынамалы — Жартылай қынамалы — Тік
Пішімі бойынша:
Тұтас пішілген, бел сызығы бойынша кесілген, қысқа немесе ұзын жеңді, қондырма жеңді, реглан жеңді, құрастырмалы пішілген, қысқа немесе ұзын жеңді, жеңсіз, жағасыз, тік жағалы, шәл жағалы.
Иық бұйымдарын өңдеп — әшекейлеу олардың түрі мен қолдану орнына байланысты.
Киім қолданылуына қарай: тұрмыстық, күнделікті, салтанатты болып бөлінеді.

Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі — камзолға тоқталайық. Камзол жеңді, жеңсіз, жеңі иықтан сәл түсіңкі түрінде тігіледі. Камзолдың материалы — көбіне түкті пүліш, барқыт, шұғадан тігеді. Ол міндетті түрде бір түсті матадан тігіледі. Әйелдердің жасына қарай камзолдың түсі өзгеріп отырады. Қыздар көбіне ашық түсті, орта және үлкен жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, түсті камзолдар киеді. Камзолға жаға салынбаған. Камзолдың өңіріне, етегіне ою — өрнек жүргізілген. Жылтыр матадан немесе сәнді жіптермен әр түрлі оюлар жасаған. Камзолға түйме салынбаған, оның орнына ұсталар соққан қарсы ілгектер тағылған.

  1. Ағымды нұсқау
    Камзолға қағаздан қиып, ою — өрнек жапсыру.
    Құралдар: ақ қағаз, түсті қағаз, желім, қайшы, шаблон.
    Жұмыстың орындалу реті:
    а) Қағаздан камзолдың үлгісін бастырып қиып алу.
    ә) Ою — өрнек қиып жапсыру.
    б) Сипаттама беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.    Қортынды студенттерді бағалау

а) Камзол қандай бөліктерден тұрады?
ә) Камзолға түйме орнына қадалатын әшекей бұйымды ата?

б) Қолданылуына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді?
в) Әйел, ер киімдерінің конструкциялық ерекшеліктері?
г) Силуэт бойынша қандай түрге бөлінеді?

  1. Үйге тапсырма. Иықты бұйымдар.

 

 

Пайдаланылған әлебиеттер:

 

  1. Асанова А., Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2008
  2. Айдынбекова Ж., Асанова А., Нүрпейісова С. Киімді конструкциялау: Оқулық – Астана: Фолиант, 2008
  3. Назарова А.И., Куликова И.А.,Савоетицкий А.В.Технология швейных изделий по индивидуальным заказам. – Москва,1975
  4. Сатыбалдинова Б.,Сәлімбаева М. Тігін өндірісінің технологиясы : Оқулық. – Астана:Фолиант,2008
  5. Труханова А.Т. Технология женской легкой одежды. Москва, 1976
  6. Шершнева А.П. Әйел және бала киімін конструкциялаудық негіздері.  Москва,1987
  7. Асанова А., Тастанбекова Г. Киімді конструкциялау және тігу технологиясы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2008
  8. Айдынбекова Ж., Асанова А., Нүрпейісова С. Киімді конструкциялау: Оқулық – Астана: Фолиант, 2008
  9. Назарова А.И., Куликова И.А.,Савоетицкий А.В.Технология швейных изделий по индивидуальным заказам. – Москва,1975
  10. Сатыбалдинова Б.,Сәлімбаева М. Тігін өндірісінің технологиясы : Оқулық. – Астана:Фолиант,2008
  11. Труханова А.Т. Технология женской легкой одежды. Москва, 1976
  12. Шершнева А.П. Әйел және бала киімін конструкциялаудық негіздері. Москва,1987

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *