Macromedia Flesh

Macromedia Flash бағдарлама

Алғы сөз
Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі
қазіргі уақытта индустриалдықтан ақпараттық қоғамға болып отыр.
Жаппай компьютерлендіру жаңа ақпараттық технологияларды оқыту
саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеумет тік
өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70
жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында
үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер
пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды
желілер дами б астады.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты
компьютерлердің графикалық мүмкіндіктері күннен -күнге үлкеюде.
Қазіргі компьютерлердің мүмкіндігіне байланысты бағдарламалар да
аз жасалып жатқан жоқ. Соның ішінде, анимация жасауда көп
қолда нысқа ие Macromedia Flash бағдарламасы. Бұл бағдарламаны
көбінесе Web -сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде
электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash
технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер
қолданушысына бағдарламал ық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін
оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады.
Қазір Macromedia Flash -технологиясы ең жаңа және кең қолданылып
жатқан технология болып табылады. Macromedia Flash технологиясы
анимация жасаушылар үшін өт е қолайлы бағдарлама, өйткені ол
төмендегі сапаларға ие:
— жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы
пайдалану есебінде;
— интерактивтілік – пайдаланушы Flash -фильмдегі іс әрекеттерді
тікелей басқара алады;
— қолайлылық – Macromedia Fl ash технологиясының негізі,
компьютермен жұмыс істеу дағдысы бар кез -келген адамға түсінікті.

4

Сондай -ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез
жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен
мүмкіндіктер туғызады.
Flash техналогиясының негіз гі векторлық графикалық
форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. SWF қосымшасының
артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі
аппараттық – бағдарламалық платформада қолданылады. Тағы бір
SWF – тың ерекшелігі, құрылған негізгі бейнелер т ек анимацияланып
ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер
мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.
SWF форматының танымал болуының себебі, Macromedia
фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен
қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін – Macromedia
Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін —
Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks, интербелсенді оқытушы
курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course
Builder. Сондықтан да Web -публикациясының ішінде ең танымал, әрі
жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін — Macromedia Flash болып
табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және
әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF
форматыны ң көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
— векторлық графика;
— анимацияларды қолдау;
— интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
— әртүрлі графикалық форматтарды қолдау;
— Flash фильмдерді HTML форм атына қосу;
— Flash фильмдерін Web — браузерде көру мүмкіндігі;
— әртүрлі визуальді саймандардың болуы.

Flash MX -те жұмыс жасау мүмкіндігі
Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен,
қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің
табын ушыларын а бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар
жетерлік.
Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға
бағытталса (Macromedia Director Shockwave Studio), келеcі бірі
графикалық бейнелерді дайындауға бағыталған (Macromedia FreeHand
и Macromed ia Fireworks), ал үшіншілерімен интерактивті оқу курсын
дайындауға болады. (Macromedia Authorware және Macromedia
CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында
Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор
бетін аяғына дейі н әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине
көпшіліктің көңілінен шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы
көретіндігінен болар, бұл өнімді жай ғана Flash деп атайды. Сонымен
Flash технологиясының құрамына не кіреді соны көрейік:
— Векторлық графика;
— Анимац ияның бірнеше түрін қолдайды;
— Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;
— FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте
қолданылатын кез келген форматқа көшіруге болады;
— Платформалық тәуелсіздік;
— FLASH фильмде рді автономдық түрде де, то р бра узерінде де
көруге болады;
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional
көптеген қызықты интерактивті мультимедиялық презентацияларды
дайындауға мүмкіндігі көп. Flash те векторлық графикамен және
анимациялар мен жұмыс істеуге болады. Әдетте бұл бағдарламамен
басқарушы, растрлы графика, бейнематериалдарды монтаждауға және
дыбыстық файлдармен жұмыс істеуге болады. =
Flash – те анимация, эффекті, векторлық графика, интерактивті
мысалдар, бағдарламалар, Web – сайтттағы презентацияларды жаса уға
болады. Flash – те істеген жұмыстарды FLA форматта сақтайды. FLA
форматында керекті ресурстарды, бейнематериалдар дыбыстар мен
кодтар сақтайды. Қазіргі таңда Macromedia Flash MX интернетті
қолданатын барлық адамдарға танымал.
Қазірг і кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика
қолданылады. Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат
алмасуға арналған графикалық формат), JPEG (Join Photographic
Experts Group – Біріккен бейне эксперттерінің тобы) және PNG
(Portable Networ k Graphics – Жылжымалы графикалық формат)
жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel)
арқылы сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста
болмағандықтан, олардың әрқайсысының түсі мен координатын
анықтау керек. Жай ғана мысал, екі -ақ т үсті (ақ қара) бейнені
сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін екілік санау жүйесін
пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені сипаттаған кезде
енді әр пиксельге 8 -дік санау жүйесін қолданады (256=28). Суреттің
сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін
қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі — бейне сапасы,
пайдаланып отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де
байланысты. Яғни кей мониторларда суреттің сапасы әдемі болып
тұрса, екінші жерде ол ондай қасиеттен айырылады. Сапасы нашар
суреттердің пикселін көбейтуге арналған бағдарламалар болғанымен
олар да бұл жағдайды толық шеше алмайды.
Векторлық графика – орналасуын математикалық формулалар
арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан туратын бейне.
Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3 -4 сан ғана керек,
радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған
байланысты, векторлық графика растрлық графикаға қарағанда
бірнеше артықшылықтарға ие:
— Математикалық формулалармен сипатталған суреттер,
растрлық графика ға қарағанда жадыда аз орын алады.
— Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын
жоғалтпай, өзгертуге болады.
— Кез келген платформаға еш «қатесіз» көшіруге болды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *