Бағдаршам шеберханасы

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

 

Білім беру  саласы: «Таным».

Ұйымдастырылған оқу қызмет түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Бағдаршам шеберханасы»

Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту;  Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру;  Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Көлік, жаяу жүргінші жолы мен көліктерге арналған жол, бағдаршам, жол белгілері, дүкен, автобус аялдамасының белгілері, үйдің макеті.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,ойын, практикалық.

Қос тілділік: бағдаршам – светофор

 

Іс-әрекет  кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызу.

Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастыру-шылық –ізденістік –         Балалар,  бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр. Қане, біздің қандай ақылды бала екенімізді көрсетейік.

–         Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы «Бағдаршам шеберханасы» деп аталады. Сондықтан қазір жолда жүру ережелерін үйренеміз!

МАИ қызметкері:

–         Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Жолға қарап тұрсам, велосипед тепкен Сайқымазақты көрдім. Ол жолдан дұрыс өтпей, барлық ережелерді бұзды. Оны көлік қағып кете жаздады. Сайқымазақты  тоқтатып, « – Қайда барасың?» – деп сұрасам, «- «» балабақшасының балаларына  барамын, мені жіберіңізші» – деп өтініп сұранған соң сендерге алып келдім.

–         Балалар, сендер жол ережесін білесіңдер ме?

–         Ендеше, Сайқымазаққа  үйретіңдерші!

–         Ал, Сайқымазақ, сен жол ережесін үйренбей мен саған велосипедіңді бермеймін.

–         Ал, мен жұмысыма барайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, сен ренжіме, біздің балалар қазір жол ережесін үйренгелі отыр, сен де қосылып бізбен үйрен. Сен жол ережесін үйренген соң велосипедіңді қайтарып береді.

Сайқымазақ:

–         Жарайды. Балалар, мен де сендермен жол ережесін үйреніп алайын.

Тәрбиеші:

–         Сайқымазақ, қазір балаларға мен жұмбақтар жасырамын, сен жауаптарын тыңдап, есіңе сақта!

Жұмбақтар:

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды.

3. Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ тоқта, жүр дейді.

-Бұл не екен балалар?

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, бағдаршам не үшін керек?

 

 

 

 

– Бағдаршамның неше көзі бар және атаңдар?

 

 

–         Бағдаршамның көздерінің қызметін айтып беріңдерші.

 

 

 

 

–         Жарайсыңдар, балалар, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді «Бағдаршам» атты өлең тыңдайық.

Өлең «Бағдаршам»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

–         Ал, енді балалар, жол белгілерін үйрену үшін  біз қаланы аралауға барамыз. Қаланы біз жаяу аралаймыз, Сайқымазақ  сен де бізбен бірге жүр. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер. (Ойын алаңына келеді, онда машина түрлері, жаяу жүргінші жолы мен машиналарға арналған жолға  бағдаршам, жол белгілері, дүкен, үй бар)

Тәрбиеші:

– Балалар, алдымызда екі жол айрығы жатыр, бірі-жіңішке, екіншісі-жалпақ жол.

– Қалай ойлайсыңдар, қандай жол жаяу жүргіншіге арналған жол?

 

– Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз?

– Дұрыс айтасыңдар! Қане, бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз?

 

 

– Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мұнда бір белгі тұр, бұл нені білдіреді екен?

 

 

 

–         Жаяу жүргіншілерге арналған белгі екенін қайдан білдіңдер?

 

Егер балалар  жауап  бере алмаса, тәрбиеші түсіндіреді.

-Ал мынау – медециналық көмек пунктінің белгісі. Демек жақын маңда медециналық көмек пункті бар деген сөз

-Мына суретте не бейнеленген?

-Дұрыс айтасыңдар. Автобустың суретін салынған белгіні көрсеңдер, ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді.

Сергіту сәті

«Көңілді жаяу жүргінші»

Балалар дөңгеленіп тұрады.

Көшеде келе жатыр жаяу адам

Қыдырып, әндетіп ол еш асықпай.

 

« Жол тәртібін мен сақтаймын»,

 

Орындаймын қалтқысыз, бағдаршамның бұйрығын.                                                                Мен өтемін тек қана белгісі бар жерлерден,                                                               Абайлаңдар – қызыл түс!  «Жол жоқ» деп тұр ол бізге!

Сары түске – абай бол!

Жасыл түсте алға бас                           Мен жүремін  қорықпай                           Көзін қысты бағдаршам ,

 

Көліктер тұр гүрілдеп ,

 

1 -2 сол аяқ! Бізге міне жол ашық!

1-2  оң аяқ! Біз жүреміз абайлап

 

 

Тәрбиеші: Сайқымазақ балалардың айтқандарын есіне сақтадың ба, бұл ережелерді  білсең, сен әрқашан қауіпсіздікте  боласың.

Сайқымазақ: Рахмет балалар ,мен айтқан ережелерінді есте сақтаймын. Сол кезде  МАИ қызметкері кіріп келеді.

Сол кезде Сайқымазақ  қуанып: инспектор апай маған балалар жолда қалай жүру керегін үйретті, мен енді жол ережесін бұзбаймын,велосипедті аулада тебемін,велосипедімді беріңізші.

МАИ қызметкері: Қазір сені тексеріп жіберейін.

-Мынау не?

-Бағдаршамның қай көзі жанғанда жүреміз?

-Велосипедті қай жерде тебу керек?

-Допты қай жерде ойнау керек?

 

МАИ қызметкері: Жарайды үйреніпсің,білесің,ала ғой велосипедінді,енді жол ережесін бұзба

 Сайқымазақ: Жарайды, инспектор апай рақмет сізге, балалар сендерге көп рақмет, маған көп нәрсе үйреттіңдер,шығып кетеді.

МАИ қызметкері: Жүргізушілер жол апатына ұшырамау үшін,жол ережесін сақтау керек,есте сақтаңдар, сау болыңдар!

 

Ойын

Шарты: Балаларға бірнеше бөлікке бөлінген  сурет қиындыларынан жол белгілерін құрастыруды тапсырады.

Тәрбиеші  балаларға тапсырманы түсіндіреді.

 

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–         Ия, білеміз.

 

–         Жарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–         Жарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–         Полиция қызметкері

 

–         Автобус.

 

 

–Бағдаршам.

– Көліктер бір-бірімен соқтығысып қалмас үшін.

– Адамдардың жолдан өтуі үшін.

– Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.

– Бағдаршамның қызыл  көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз.

 

 

 

Өлең тыңдайды.

 

Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?

 

 

Балалар алдын ала дайындалған ойын алаңына келеді. Таңырқап қарап қуанады. 1 бала машинаға отырып жүргізуші болады, қалғандары жаяу жүргінші болады.

 

– Жіңішке жол жаяу жүргіншіге арналған жол.

– Бағдаршамға қараймыз.

– Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал көліктер тоқтайды.

– Бұл белгі жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Бізге жүре беруге болады дегенді білдіреді.

-Ақ сызықтар және адамның белгісі тұр.

Балалар  жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

-Автобус.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орындарында жүреді

шапалақтау

қолын белге қояды

алға қарай еңкею

орындарында жүреді

саусағымен ескерту

отырады

тұрып, орнында жүру

орындарын жүру

қолдарын ашып жұму

қолдарымен рөлді айналдыру

орнында жүру

шапалақтайды

 

Топқа келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

–         Бағдаршам.

Жасыл түсі жанғанда жүреміз.

-Балалар алаңында тебу керек.

-Спорт алаңында ойнау керек.

 

Рефлексиялық -түзетушілік Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

– Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.

Шаттық шеңбері

Жол тәртібін білейік.
Аман – есен жүрейік.

 

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Немен айналысқандарын, не үйренгендерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін.

Қандай түсініктерді игерді: жаяу жүрген кезде бағдаршамға және белгілерге қарау керектігін; жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медециналық көмек пункті белгілерін; автобуста, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жол белгілері, олардың мағынасын, көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтайды.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *