Бақылау «Сезімтал Раяна»

Баланың аты-жөні:Ғарифуллақызы Раяна
Туған күні жылы:4.04.2015
Баланың жасы: 5жаста
Тәрбиеші: Молдадосова. А. Ж

Сезімтал Раяна
Тобымыздағы балалардың ішінде Раяна өзінің байқампаздық , сезімтал қасиетімен ерекшеленіп, үнемі көзге түсіп жүреді.
Апта барысындабалалармен серуен кезінде сезімтал Раянаның тал түбіндегі түскен жапырақтар қасында отырғанын байқап қалдымда, тікелей бақылау жасап, ашық сұрақтар қоя бастадым.
— Раяна, сенің қолыңдағы ненің жапырағы ?- деп сұрадым,
— Талдың жапырағы ғой апай деп ,-жауап берді.
— Раяна сенің қолыңдағы жапырақтың түсі қандай екен, білесің бе?- дедім
— Раяна қолына жапырақты уыстай ұстап апай сары түсті екен деді.
Мен осы сәтте бала үнін тыңдағым келіп, Раянаны сөзге тарттым.
— Раяна мына бұтақта тұрған жапыраққа қарашы, түсі қандай?-деп сұрадым.
— Апай, ол жасыл екен деп, Раяна қолындағы сарғыш жапыраққа таңырқай қарап, салыстырып апай, жапырақтардың түстері неге әр түрлі деп, сұрақ қойды.
Талдағы өсіп тұрған жасыл жапырақты көрсете отырып, бұл бұтақта өсіп тұрған соң жасыл түсті болады. Ал, күз мезгілінде жасыл жапырақтар қурап жерге түсіп сарғая бастайды дедім. Жапырақтарға қызыға қараған Раяна жерге түскен сарғыш түсті жапырақтарды жинай бастап, уысына қысып үгілген жапырақтарға қызыға қарады.
Раянаның жапыраққа деген қызығушылығын ұғына отырып , бүтін жапырақтарды теріп топ бөлмесіне алып баруды ұғындырдым.
Ол қуана келісіп, жапырақтарды қызыға бірге жинадық. Раяна екеуміз жиналған жапырақты топ бөлмесіне алып келдік.
Балаларды топ бойынша жұмыс жасауға шақыра отырып, ашық сұрақтар қоя бастадым.
— Балалар бір жылда неше мезгіл бар? Төрт мезгіл бар екен.
— Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі екен.
— Күз мезгілінде жапырақтар қандай түске боялады? Сарғыш түске боялады екен. Жарайсыңдар балалар! Балаларды топтық жұмысқа шақыра отырып 1-топ сары түсті, 2-топ жасыл түсті жапырақпен бөлдім.Балаларға осы жапырақтар арқылы 1-топқа гүлдің пішінін құрастыруды, 2-топқа көбелек пішінін құрастыруды ұсындым.Балаларға құрылымдалған бақылау жүргізе отырып, Раянаға тікелей бақылау жасадым. Раяна балалармен бірге гүлдің пішінін бар ықыласымен жасауға кірісіп кетті. Мұны қалай құрастырады екен ? деп сырттай бақылап тұрдым. Раяна бүтін жапырақтарды таңдап алып, «гүл күлтешелерін» құрастыра бастады. Раяна Ұқыптап құрастырған гүл күлтешелеріне қызыға қарап қуанып,
— Апай, біздің жасаған гүліміз керемет иә! Мұнда қараңызшы деді
— Ой керемет, екен міне әдемі ұқыпты құрастырылған екен. Екінші топ балалары да өздері құрастырған көбелектерін көрсетіп шықты .
— Жапырақтар арқылы жасалған гүл мен көбелекке қызыға қараған Раяна
— Апай, жапырақтан көп нәрсе жасалады екенғо деп, тамсана қарады.
Раянаның көп нәрсені білгісі кеп тұратын сезімталдық , байқампаздық қасиетіне
риза болып , ата-анасына баласының қойған сұрақтарына жауап беріп отыруын және күзгі баққа серуенге алып баруына ұсыныс жасадым.

Бұл нені білдіреді?
Раяна өзінің сезімталдығын , байқағыштығын көрсетті.
Мүмкіндіктері: Раяна күз мезгілінде жапырақтардың сарғыш түсте болатынын және қурайтынын білді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *