Қазақстандағы елжандылық бағытындағы жұмыстың барысы

Қазақстандағы елжандылық бағытындағы жұмыстың барысы

 

Қазақстан Республикасы — өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстан – Отаным деп әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосу тиіс. Осы мақсаттқа жету жолында біздер мұғалімдер қауымы көп тер төгуімізге тура келеді. Ол дегеніміз, болашақ жастар, оқушылардың бойында патриоттық сезімін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғары оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу–мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» — деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм» ұғымдары сол заманның ақиқаты–наным–сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы – Қазақстандық патриотизм болды.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» — дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімзге, соның бай да даңты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан-менің Отаным, мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн». Міне, осы сөзің өзі-тұла бойы тұнған отаншылдық тәрбие міндеттері.

Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызымет етуге үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен көрсететін және үстем таптың озбарлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің балалар үшін маңызы ерекше. Махамбет балалар әдебиетінің өкілі емес, бірақ Махамбет өлеңдерінің бірсыпырасы балалар мен үлкендерге бірдей ортақ мұра. Абай халықтың болашақ жаңа қауымына, жаңаөспірімдерге арнап талай өлеңдер жазды, нақыл сөздер айтты. Жастарды өнер-білімге  шақырды. Абай өз өлеңдерін жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін жазатындығын алдын ала ескертіп өтеді. Білімді ұрпақ туған ұлт-халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Абай өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның шығармалары Қазақстан тағдырына деген, оның бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты. Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.

Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.

«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, оны жасамлаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір тал шыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Н.Ә. Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің  тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін көрсетеді.

Адамгершілікті, тәрбиелі адам-кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздің саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшілігін көрсетеді.

Елімізде жүзден аса ұлттар өкілдері өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс.Сол себепті Қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданып, кеңінен қалыптасып келеді.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өң бойындағы ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы Қазақстан Халқының Қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.

Бауыржан Момышұлы өз шығармаларында патриотизмге, ерлікке, батырлыққа байланысты біршама терминдерге анақтама берген. Енді соларға тоқталып өткім келеді:

Патриотизм дегеніміз-Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды  күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патроитизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнмен және болашағымен қарым-қатынгасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз-табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абройымен ұятқа қалу, опсыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін-азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға-жанмен, қанға-қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық-қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық,.

Табандылық-батырлардың қалқаны.

Өжеттілік,қайсарлық-адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл –қазақ болуымыз үшін, дін-адам болуымыз үшін, салт-дәстүр-ұлт болуымыз үшін қажет.Патриотизм сезімінің ояну мен қалыптасу үрдесін белгілі бір асқақ сезімдермен, мақтаныш-сүйсінуден бөле –жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту, жерінің байлығына, әсем көркіне сүйсіну, атадан балаға жалғасып, жақсы үрдесін тапқан ұлттық тілді құрметтеу. Осы сезімдерден туатын, санада орығып қалыптасатын асыл қасиеттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі.Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп жасына дейінгі балалар үшін-тәрбиеші,ал орта білім меен жоғарғы білім алушылар үшін-ұстаздар қауымы деп айта алар едім.

Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттық сана- сезімін қалыптастыру: патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру. Егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана–сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.

Қорыта айтқанда, оқушылармен осы жоғарыда баяндалғандай патриоттық сезімдерді жеткізе білсек, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек,үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат,отансүйгіш, елсүйгіш азамат,елге қызымет ететін қайраткер тәрбиелейміз.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *