«Тірі және өлі табиғаттың айырмашылығы неде?»

Алматы қаласы №8 балабақша

№ 11 «Көгершін» ересектер тобы.

Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғаттың айырмашылығы неде?»

Тәбиеші: Дарубаева Алия

Тобы/сыныбы: МАД
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу пәні: Жаратылыстану
Бөлім/бөлімші: 4. Табиғатты қорғау
4.1 Табиғатқа қамқорлық

Тақырыбы: «Тірі және өлі табиғаттың айырмашылығы неде?»

Оқу мақсаты: 0.4.1.3 тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіру
ҰОҚ мақсаты: Тірі және өлі табиғатты суреттеріне қарап ажыратады және байланысын түсіндіреді
Күтілетін нәтиже — тірі және өлі табиғатты ажыратады
-тірі және өлі табиғат ерекшеліктерін атайды
— тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіреді
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ашық сұрақтар, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, саралау,бірін-бірі бағалау
Ресурстар, дамытушы орта: Тірі және өлі табиғат суреттері, гүл, тас, ыдыстағы гүл, мәтін желісіне арналған суреттер
Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Оқу қызметінің барысы Уақыт
Сабақтың басталуы

*

Ұ.Психологиялық ахуал: (хормен қайталайды)
Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен күнісің көтерілген күліп тұрған
Сен көлісің, сен ормансың, сен бұлбұлсың
Адамды сұлулығыңа қызықтырған

Бала үні
-Балалар мына суреттерге назар аударайықшы?
-Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
-Табиғат дегеніміз не?

Ұ.«Ия, жоқ» ойыны
Мақсаты:балалар суреттерді көрсеткенде сұрақтар:
Аю қоректенеді ме?
Гүлдер су ішеді ме?
Күн су ішеді ме? т.б
бойынша иә және жоқ сөздерін айту арқылы тірі және өлі табиғат туралы не білетінін есіне түсіреді.
Балалардың жауабы бойынша тірі және өлі табиғат суреттері топтастырылып, ілінеді.
Ашық сұрақ. (сыни ойлау, коммуникация)
— Неліктен суреттерді екі топқа бөлдік?
-Балалар бүгінгі мақсатымыз не туралы деп ойлайсыңдар?
Бақылау. Жарайсың, бәрекелді!

Мақсатты хабарлау.
Бүгін суреттер бойынша тірі және өлі табиғатты атаймыз, ерекшеліктерін ажыратамыз және байланысын түсіндіреміз.

Топтастыру
Балаларға ұқсас суреттерді ұсынамын сол бойынша топтасады
1 Тірі денелер
2 Жасанды денелер
3 Өлі денелер
4 Табиғат құбылыстары
Бақылау. Мадақтау. «Кім зерек»

2-3 мин

2 мин

2 мин

3 мин
Сабақтың негізгі бөлігі Топтық жұмыс (топтық әңгіме әдісі)
Әр топ сурет бойынша заттар мен денелер туралы топ ішінде әңгімелеседі.
Сұрақ- жауап. Саралау. (Өнім арқылы)
Тірі денелер деп нені атайды?
Жасанды дене нені білдіреді?
Өлі денегі нелер жатады?
Табиғат құбылыстарын ?
Бақылау. Сұраққа нақты, толық жауап берген балаларды мадақтау. Қатыспаған оқушыларға сұрақ қою.

Топтық тәжірибе. «Жанды заттар мен жансыз заттарды салыстыру» 1 жіне 2 топ су, тас, гүлдің өзара байланысын анықтайды.
Жанды табиғат ретінде гүл мен тасты салыстырады. Балалар өсімдікке су құйып, күтім жасағанда оның әдемі болып өсетінін анықтайды. Ал тасқа су құйса да, өсіп-өнбейтіні туралы тұжырым жасайды.

3 және 4 топ. Гүл мен топырақтың байланысын анықтайды.
Құмырада өсіп тұрған қазтамақ гүліне тәжірибе жасайды. Құмырада гүл топырақта өсіп тұр, яғни оны жанды табиғат дейді. Жанды табиғат пен жансыз табиғаттың үйлесіп бірге тіршілік ететінін анықтайды. Рефлексия.
-тірі табиғат пен өлі табиғат қалай байланысады?
-бұл тәжірибені өмірде не үшін қолдануға болады?

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкене балалар
Үлкен болып өседі

ТЖ. Саралау (өнім). Креативтілік.
Тапсырма: Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын сипаттайтын ертегі құрастырып айтады.
Бақылау. Топтар «Басбармақ»әдісі ақылы ұнаған ертегіні бағалайды.
5-7 мин

5-7 мин

Сабақтың қорытынды бөлімі Ұ. Білімді қолдану. (4 К, саралау)
— Адам мен өлі табиғаттың қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
1-топ. Адам мен қардың;
2-топ. Адам мен судың;
3-топ. Адам мен ауаның;
1-топ. Адам мен жауан-шашын
Байланысын түсінідіріңдер.
Бақылау. Жарайсың, тамаша.

Кері байланыс
«Күн, бұлт, найзағай»
Күн- бүгінгі оқу қызметінде барлық тапсырмлаар түсінікті?
Бұлт – қандай тапсырманы орындау қиын болды?
Найзағай – маған көмек қажет.

5 мин

1 мин

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *