Коронавирус

Коронавирус.
Ия,коронавирус әлемді аяғынан тік тұрғызған,XXI ғасырдың ең өзекті мәселесі екені бәрімізге белгілі.Тіпті теледидарды ашып қалсаң,ол да бұл дерттің қауіпті екенін ескертетіндей.Осы вирусты одан сайын өршітпеу үшін,мемлекеттер бір-біріне көмектесіп,Бұл індет қоғамға үлкен өзгерістер алып келді.Далада жүріп үйренген халық,үйге қамалып күйзеліске түсе бастады.Былай қарап тұрсаң,адам рухани жағынан біраз түседі екен.Әрине,бұл дертке шалдыққан қаншама адамның жан-айғайын есту,көру бізге де оңай емесі анық.Оған қоса бұрындары жұмыс істеп,ақша тауып жатқан соң,қалтамда ақшам бар ғой деп алаңсыз жүре беретінсің.Алайда,осы жағдай пайда болған соң,көптеген жұмыс орындар уақытша жабылып,халық уайымға салына бастады.Бұл жағдай тек халыққа ғана емес,әлем экономикасына әсерін тигізуде.Мемлекеттер көп ақшадан айырылды.Туризм саласы бәсеңдей түсті.Заттардың құны түсуде.Жалпы айтқанда,жағымсыз жақтары толып жатыр.Өз еліміздегі жағдайға оралсақ….
Бірнеше ай бұрын карантин талаптары жеңілдетілген еді.Халықтың төбесі көкке жетіп,күйзелістен арылғандай болды.Уақытша жабылған жерлер ашылып,көшеге адамдар тола бастады.Барлығы өз жұмыстарына оралып,мәре-сәре,мәз-мейрам.Бірақ,бұл масканы шешіп,бейберекет жүру деген сөз емес.Оның да өз ұстанатын шаралары болды.Алайда,қарапайым халықтың қуанышы ұзаққа созыла қоймады.Вирустың құрсауына іліккендер саны күрт өсіп кетті.Құрбаны болғандар да аз емес.Сол себепті,билдік өкілдер карантин режимін қатаңдатуға мәжбір болды.Адамдар көп шоғырланатын жерлер қайтадан жабылды.Қалалық және қала ішінде қатынайтын автобустар жүруін тоқтатты.Бұның бәрі халық амандығы үшін.Ақ халатты дәрігерлер мен тыныштықты күзететін полиция қызметтері халықпен бірігіп осы ауруды жеңіп шығатынына сенімдімін.
Короновирустың қаншама залалы болса да,пайдасы жоқ деп те айту қиын.Мысалы:Қаншама жыл бойы салынбай жатқан ауруханалар небәрі 1 ай көлемінде салынды.Дамуды талап ететін медицина саласы әп-сәтте 50 жылға дами түсті.Осы дерттің арқасында қадірінін түсінбеген жандардың қадірін,заттардың,уақыттың,даланың да қадірін түсіндік.Мен бұл вирустың бар болғаны жақсы деп отырған жоқпын.Әрине,әлемнің бұл індеттен арылғанын қалаймын.Деседе,бұл осы жағдайдың жақсы жағы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *