Төлен Әбдіков «Қонақтар» , 7-сынып

Сабақ жоспары

Мектеп:  «Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебі » КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жетмекова Айгул Мухамбеткалиевна
Сынып: 7 Оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Осы сабақ  арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.
Сабақтың мақсаттары Сабақта оқушылар Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесіндегі кейіпкерлерге мінездеме береді. Сонымен қатар кейіпкерлердің типтік ерекшелігін анықтайды.

Бaрлық оқушылар орындaй aлaды:Шығарманың мазмұнын түсінеді және  талдайды.

Оқушылaрдың көпшілігі орындaй aлaды:Әңгіме бөлімдерін  байланыстырып, құрастырады. Кейіпкерлерге мінездеме береді.

Кейбір оқушылaр орындaй aлaды: Әрбір тaпсырмaға бaйланысты өз көзқарастарын білдіре отырып, ойын дәйектей алады

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну,қолдану
Жетістік  критерийлері — Тыңдaлған ақпарaттaрды сaрaлaйды, өз ойын білдіреді. Тaқырыпқa қaтысты мәтінді оқиды, мазмұндайды.

— Сұрақтaрға жауaп береді, өзaра талқылау сұрақтaрын жүргізеді.

Тілдік мақсаттар Әдеби тіл нормаларын сақтайды.

Пән лексикасы және терминология:
Алагеуім, апақ – сапақ, жолай, шақша, ноқта, сағағы,көлегейлеп, қынжылу, қитар
Теңеу: Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді. Аяқ — қолы шидей. Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті. Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.
Тұрақты тіркестер:
Міз бақпады – беті шімірікпеді, бедірейіп тырп етпеді.
Ләм — мим демей – үндемеу (жұмған аузын ашпау)
Басым сынып – ауырып
Шаш етектен — пайдасы мол
Қолыңның қаруы бар ғой – күшті, әлді
Мызғып — аз ғана ұйықтап алу (көз шырымын алу)
Көз ілінді — ұйықтап кету
Шыбын шіркей боп жүреді – барынша күтеді
Дисфемизм: алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып
Мақал — мәтел: қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін;

Құндылықтарды дарыту «Тaрихтың, мәдениет пен тілдің біртұтaстығы» aтты құндылығымызға сәйкес,туған жеріміздің тарихында бірнеше мыңжылдықтар бар, оның беттерінде ата-бабаларымыздың ұлы істері сақталған. Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады. Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық ұлттар тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізуде маңызды.
Пәнaралық бaйланыс Қазақ тілі. Тарих
АКТ қолдану дағдылары Слайд
Осыған дейін меңгерілген  алдыңғы білім Медетбек Темірхан  «Тәуелсізбін» өлеңі
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Дереккөздер
Сабақтың басы

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі 

·         Оқушылар назарын сабаққа аудару

·         Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

ІІ. Жағымды  ахуал орнату

Тренинг: «Мен…»

Топқа бөлу: Кәмпиттер арқылы бөлу

Үй тапсырмасы сұралады.

. Балалар, бүгінгі сабақта біз сендермен белгілі жазушы Төлен Әбдіковтің өмірімен «Қонақтар» әңгімесімен танысамыз. Кәне, балалар, топтастыру стратегиясы бойынша кім екендігіне тоқталайық.

 

Т.Әбдіков

 

Төлен Әбдіков

Жазушы, драматург, аудармашы, хатшы,

Редактор, сектор меңгерушісі, еуропалық алтын медаль иегері,

мемлекеттік сыйлық иегері

ІІІ «Аялдама» әдісі

  Шығарманы үш топқа бөліп беру. Топ оқушыларыберілген бөлімнің мазмұнымен танысады. Әр топ өкілдері басқа топ оқушыларына бөлім мазмұнынтаныстырады.

  Дескриптор:

—          Мазмұнымен танысады, бөліседі

Бағалау: Топтар бір- бірін үш шапалақ арқылы бағалайды.

Төменде берілген суреттерді бір-бірімен байланыстыра отырып, шығарма мазұнын баяндайды. Суретте қай кезеңдер берілген? (жеке жұмыс)

 

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Тапсырма №1

Ж/Ж.     Кейіпкер портреті

1-топқа Оқушылар кейіпкерлерге портреттік

мінездеме береді.

Кейіпкер  Мінездеме
Ерғабыл  
Сапабек  
Тома  
Жеңіс  

 

Дескриптор

·         Шығарма мазмұнын түсінеді;

·         Кейіпкерлерге мінездеме береді;

 

Ерғабыл –ірі денелі, иықты қапсағай  сары қарт адам

Сапабек. Ат жақты, қапсағай сары жігіт.

Тома. Омырау, жеңдері ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ — толық ақ сары, ажарлы келіншек.

Жеңіс. Аяқ — қолы шидей, көзі қитар, алтылар шамасындағы ұл бала.Ерғабыл қарт .Мейірімді, арманшыл, төзімді, қажырлы, еңбекқор, баласын жақсы көреді, ақылды

 Сапабек.

Қуыс кеуде, саяз ойлы, мақтаншақ, өркөкірек, парызын түсінбейді, салт-дәстүрді білмейді, қатігез

Тапсырма №2

ВЕНН диаграммасы  Ерғабыл мен Сапабектің  айырмашылығы

Айырмашылығы: Ерғабыл – ауыл тұрғыны, қарт, оқымаған, көп сөйлемейтін, қарапайым жан

Айырмашылығы: Сапабек – қала тұрғыны, жас, оқыған, өзімшіл, көп сөйлегіш

Ұқсастығы: Әкелі – балалы туыстар, ер адам, айтқанынан қайтпайтын бірбеткей

Дескриптор

·         Екі  кейіпкерге мінездеме береді;

·         Ұқсастығын табады;

 

Тапсырма №3

 «Кімніңсөзі»

Қажыған шығарсың, шай қояйын ба, мызғып аласың ба?

(кемпірдің)

-Алдымен анау отырған шешесі қазақша білмейді, қайта бұған

Кінә жоқ.  (Сапабектің)

-Аже, бер, дайте мне, дайте!   (Тома)
-Әй, доғаршы енді. Анау өзіміздің Аспандиярға домбыра берші

, әнсалсын. (Ерғабыл  қарт)

-Мама, мама, ребята идут на озеро.(Жеңістің сөзі)
Менің әлгі кішкентайым, Құдай-ау немене дейді…бірдеңе

боламын дейді.(Абылдың  сөзі )

Ой, көке-ай, мені бала асырап барады деп ойлайсың ба? Орыс

мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой.   (сапабек)

 

Қ.Б.

 

«Аллея» әдісі  Сынып оқушылары  екіге бөлініп тұрады. Сапабектің ауылда ата-анасының қасында қалуы керектігіне көзін    жеткізу  керек

1- жақ   «Дұрыс»

2-жақ  «Дұрыс емес»

Дескрипторы

-Оқушылар  Сапабекке дұрыс таңдау      жасауына  көмектеседі;

— Ата — анасының борышын ақтауға  бағыт береді;

http://bilimland.kz/kk/content/lesson/7979-7_tolen_abdikov_qonaqtar_anggimesi

(Т.Әбдіков «Қонақтар» шығармасының аудио жазбасы)

Сабақты бекіту

5 минут

Ой толғаныс .Жаңа білімді меңгерту моделі бойынша  пікір-сұхбат

(3 топқа ортақ сұрақтар)

1.Баласын тағатсыздана күткен әке-шешенің ой-толғаныстары?

2.Баласының әңгімесі Ерекеңе неліктен ұнамады?

3.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?

4.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?

5.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқып жіберу)

6. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталмады ма?

7. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?

8..Сапабектің өз үйіне қонақ сияқты болуына кім кінәлі?

 

 
Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс.

 «Жұлдызыма жеттім бе?»

 
 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

— Сонымен,оқушылар,бүгінгі сабақта біз қалада тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне салқын,жасанды қарым-қатынасын таныдық.Әлпештеп өсірген ата-ана алдындағы баланың мәңгілік перзенттік парызы туралы ұғындық.Қалаға асығатын Сапабектің  ұлтымыздың дәстүр-салтынан қол үзіп қалған,перзенттік борыш-парызды жеңіл түсінетін,ата-анасына деген мейрімділігі жоқ екенін байқадық.

V  Үй тапсырмасы

«Қарт адам-қазына» шағын ойтолғау жазып келу.

VІ  Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.

VІІ  Қорытындылау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *