Қимыл қозғалыс саласын дамыту

Күні:
Сынып: 6 « »
Бөлімі: Қимыл-қозғалыс саласын дамыту
Тақырыбы: 2.1 Ұсақ моторикасын дамыту
Мақсаттары:
6.2.1.5 геометриялық фигураларды, бейнелерді штрихтеу.
6.2.1.4 қандай да бір нақты затпен жасалған әрекеттерді келтіру;
Түзету білімдік: дене құрылысын және дене мүшелерінің атын атау, олардың атқаратын қызметтерін білу
Түзету – дамытушылық: Есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзету тәрбиелік: Ұқыптылықпен ұғымдылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Миға шабуыл, сұрақтар, жеке жұмыс, ойын
Көрнекілік:  Тақырыпқа байланысты суреттер, қажетті материалдар
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Заттармен әрекеттесуді және штрихтеуді үйренеді
Қандай түсініктерді игерді: Толықтай жауап беру қабілеттері артып, әңгіме барысында көп нәрсені түсініп, білді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Көру арқылы қабылдау қабілеті дамиды.
Іс-әрекет кезеңдері Дефектологтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық — қозғаушылық Ынтымақтастық атмосферасын калыптастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Шаттық шеңберде қимыл -қозғалыстар жасайды

Ұйымдастыру — іздестіру
1) Жаңа сабақ.
Оқушылар суретке қарайықшы. Суретте қандай мезгіл бейнеленген?
-Көктем.
-Бұл мезгілде қандай күндер көп болады?
-Жаңбырлы
— Ендеше сол жаңбырдың дыбысын салып көрейік.Жаңбыр тамшылап тұр. (Қолдарыңды партаға тырсылдатады)
Күн қатты желге ұласты (денелеріңмен теңселесіңдер).
Жаңбырқатты жауды, (аяқтарын топырлатады. )
Найзағай ойнады , (қолдарын шапалақтайды, аяқпен тарсылдатыңдар.)
Жарайсыңдар! Ендеше келесі жаттығуларды да бірге қайталайық:
1. «Кірпі» добымен(Суджок терапия) жұмыс жасаймыз.
1. Алақанның ортасына салып айналдырамыз. (4 рет)
2. Қыры бар қарандашпен жұмыс.
1. Екі алақанның ортасына салып айналдырамыз.
3. «Жаңғақ» ойыны
1. Оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз.
2. Жаңғақтың ұшы бар жағына, әр саусақтың ұшымен басып шығамыз. (3 рет)
4. «Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

2)Түзету – дамытушылық кезең:
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
«Тізбектерді аяқта» ойыны. Жұп сандарды қызыл түспен, тақ сандарды жасыл түспен боя

2.Ойлау қабілетін дамыту.
«Сөзжұмбақ»

3.Сөйлеу тілін дамыту.
Тізбекті суреттермен жұмыс.«Шалқан» ертегісін айта отырып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.

4.Қол моторикасын дамыту.
Саусақ жаттығуы.
Себетімді аламын,
Жемістерді саламын
Мына алма – атама,
Мына өрік — әжеме,
Мына алмұрт – анама,
Мына алхор — әкеме,
Мына жүзім — өзіме.

5. «Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Сандарды ретімен орналастыру және бөлінген суреттерді жинақтау

6.Үлгі бойынша сыз. Геометриялық фигураларды, бейнелерді штрихтеу.3)Сергіту сәті:
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
Оқушы жауап береді.

Дефектологпен бірге қайталау

Доппен жұмыс

Қарындашпен жұмыс

Жаңғақпен жұмыс

Саусақтар арқылы орындау

Түсіп қалған санды жазу және нұсқау бойынша бояу

Сөзжұмбақты шешу

Ертегі кейіпкерлерінің қимылын қайталау

Саусақ жаттығуларын қайталау
(Әр атауға саусақ бүгіледі)

Пазлды құрастырады.

Геометриялық фигураларды, бейнелерді штрихтеу

Сергіту сәтін орындайды.
Рефлексивті — түзетушілік

Оқушы өзін-өзі бағалауы.

Сау болыңыз!

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *