«Төрт түлік»

«Ақбота» тобының  ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:   Жаратылыстану

Тақырыбы: « Төрт түлік»

Мақсаты:  Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Төрт түлікке не жататынын ұғындыру, олардың пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы білуге үйрету.

Көрнекіліктер:  Төрт түлік малдың суреттері, олардың төлдерінің суреті.

Қажетті құрал жабдықтар:  Суреттер

Алдын ала  жүргізілетін  жұмыс:  Әңгімелесу.

Сөздік  жұмыс:  Малдар — животные

Билингвальды компонент: сиыр – корова, ат – лошадь, қой – овца, ешкі – коза, түйе — верблюд

 

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивация

лық – қозғаушы

лық

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күлімсіреп шықты күн.

Балалар шаттық шеңберге тұрып  бірге  өлең жолдарын  қайталайды.
Ұйымдас

тырушылық — ізденістік

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын деп едім, жауабын табасыңдарма?

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. Бұл не екен, балалар?

-Дұрыс, балалар. Ендеше келесі жұмбақтың шешімін табыңдар:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар?

-жарайсыңдар, балалар.

Төрт аяғы бар,

Басында екі таяғы бар,

Иегінде екі сақалы бар.

-Өте жақсы, жарайсыңдар, балалар. Ал осы жұмбақтың шешуіндегі қой, түйе, ешкі қайда мекен етеді?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Балалар түйені, қойды, ешкіні және сиыр мен жылқыны ата бабаларымыз «Төрт түлік мал» деп атап кеткен. Мына суретке қараңдаршы, ненің суреті?

-Сиырдың төлі қалай аталады?

-Жарайсыңдар балалар. Стырдың адамдарға пайдасы барма? Оған қалай күтім жасайды?

 

-Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар. Сиырдан сүт аламыз, одан қаймақ,май,сүзбе,құрт жасайды екен. Балалар сиырды әукім-әукім деп шақырамыз. Кәне қайталайықшы.

Сиырдың атасын – Зеңгі баба деп атайды.

-Келесі суретке назар аударыңдар, бұл ненің суреті?

-Иә, бұл жылқы. Ол қандай жануарға жатады? Оның төлі қалай аталады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Жылқыдан сүт аламыз, одан қымыз жасалады, және жылқыны ертеде көлік ретінде пайдаланған. Жылқыға су, жем, шөп береді. Жылқының атасы – Қамбар ата деп аталады. Жылқыны өқрау – құрау деп шақырады екен. Кәне қайталайық.

-Ал мына суретте не бейнеленген?

-Қойдың төлі қалай аталады? Оның адамдарға пайдасы барма?

 

-Өте жақсы, балалар. Қойдың атасы – Шопан ата дейміз. Жайылып жүрген қойды пұшайт – пұшайт деп шақырады екен. Кәне қайталайық.

-Енді балалар, мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойынныі аты «Дыбысын тап». Қазір мен сендерге төрт түлік малдың дыбысын қосамын, сіздер қай малдың дыбысы екенін табуларыңыз керек.

-Өте жақсы, балалар. Ал енді, балалар сергіп алайық:

Сергіту  сәті:

Қошақаным, тұршы,

Беті – қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Орныңа отыршы.

-Жақсы балалар, мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойынның аты «Төлін тап». Мына үстелдің үстіндегі суреттердің арасынан төрт түлік малдың төлін тауып, қасына апарып қою керек.

-Жарайсыңдар, балалар. Балалар, осы төрт түлік малға қатысты ата – бабаларымыз тыйым сөздер айтқан. Кәне бәріміз осы тыиым сөздерді жаттап алайық: «Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»

 —Балалар, төрт түлік малға қатысты тақпақ білесіздерме? Кәне кім айтады? Айбар айта ғой:

 

 

Жарайсың,Айбар. Тағы барма? Аяжан айта ғой:

 

 

 

 

Керемет.  Тағы айтасыздарма? Ал, Аңсар, айта ғой:

 

 

-Жарайсыңдар, балалар, қандай керемет.мен сендермен тағы ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдарма?

-Ойынның аты «Артық затты тап». Алдарыңызда төрт түлік малдан алынатын өнімдер мен артық заттың суреттері жатыр. Солардың ішінен артық суретті тауып, оның неге артық екенін түсіндірулеріңіз керек.

 

 

-Жарайсыңдар, балалар. Балалар ауылдан ата әжеміз сіздерге базарлық беріп жіберіпті. Кәне қарайық мұнда не бар екен? Мұнің барлығын ата әжеміз сіздерге беріп жіберген екен, кейінірек ауыз тиеміз жарайма?

-иә, табамыз

 

 

-Қой

 

 

-Түйе

 

 

 

-Ешкі

 

 

-олар үй жануарлары

 

 

 

 

 

-Сиырдың суреті

-Бұзау

-Пайдасы бар, одан сүт, қаймақ, май, ірімшік,құрт аламыз. Сиырға су береді, жем, шөп береді.

 

-Әукім – әукім

 

 

-Жылқы

 

-Ол үй жануарына жатады. Оның төлі құлын деп аталады

 

 

 

-Құрау – құрау

 

-Қой

-Қойдың төлі – қошақан, қойдың жүнінен киіз жасайды, жіне қолғап, шұлық тоқиды

-Пұшайт – пұшайт

 

 

-Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы

 

 

 

 

 

-Тәрбиешімен іс – қимылдарды қайталайды

 

 

 

 

 

Ойын ойнайды

 

 

 

 

-«Малды теппе», «Ақты төкпе», «Малды ұрма»

 

-Құлыншақ, құлыншақ,

Шапқылайсың даламен.

Дос болсайшы, құлыншақ,

Мен сияқты баламен.

-Тентек болма, ақ бұзау,

Еріншек болма, ақ бұзау.

Кең далада сенімен,

Жарысып мен жүгірем.

 

-Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.

 

-Иә, ойнаймыз

 

-Кәмпиттің суреті артық, себебі ол төрт түлік малдан алынбайды.

-Арыстанның суреті артық, себебі ол үй жануарына да жатпайды, және адамдарға пайдасы жоқ.

 

-Құрт, май, ет, ірімшік

 

-Иә

Рефлексиялық — түзетушілік -Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Балалар, біз қандай жануарлармен таныстық?

-Балалар, үй жануарларынан «төрт түлік малға» қандай жануарлар жатады екен?

 

-Олардың адамдарға қандай пайдасы бар екен?

 

 

-Балалар, сендерге ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы қатысқандарына рахмет

 

 

-ұнады

 

-Үй жануарларымен

 

-Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе

-Сүт аламыз, етін жейміз, қойдың жүнінен шәлі тоқылады

-балалар куанады

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарларының атауларын

Игереді: Төрт түлік малдың төлдерін атауды игерді.

Меңгереді: Төрт түлік малдың пайдасын, адамдардың оларға күтім жасайтынын меңгерді.

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *