ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ – ЖАСТАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ

Тәуелсіз елдің негізгі тірегі — білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі — жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты — білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Қазақстан Республика болашағына бағдар беретін жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі — жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі ұстаздар алдындағы міндет: ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес білім оқушының терең, іскер және ойлауға қабілетті, әлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Мұндай талапқа сай қызмет істеу үшін ұстаз үздіксіз ізденісте кәсіби білікті болуы тиіс.

Инновациялық оқыту нәтижелері білім алушының өз бетінше әрекет етуі арқылы білімді меңгеруіне ықпал етуі тиіс. Білім алушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымдық көзқарастары мен танымдық белсенділігін арттыруда, зерттеушілігі арқылы шығармашылық икемділігін дамытуда, біліктілікке ұмтылуда, яғни тұлғаны жан-жақты дамытуды жүзеге асыруда оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу шешуші рөл атқарады, оң нәтиже береді.

Қазіргі таңда қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым – қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан — жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып,  жүйелі түрде қолдану —  заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын  бағдарлама.

 

Маған айт – мен ұмытып кетемін

Үйрет маған – менің есімде қалады

Өзіме істет – мен үйренемін.    (Қытай мақалы)

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

  1. Пәннің маңыздылығы;
  2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
  3. Үштілділік саясатты іске асыру;
  4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
  5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
  6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
  7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
  8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
  9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
  10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы орыстың ұлы педагогі К.  Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген сөзін әр уақытта естен шығармауымыз қажет.

Сондықтан, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі оқытушылары түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып,  сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып отырады.  Сабақ беретін топтарда Кембридж бағдарламасы бойынша жеті модуль идеяларын қолданып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ерекше назар аударылады.  Бейнелеу өнері, технология,  сәнді — қолданбалы өнер сабақтарын өткізуде оқушылар сурет салу ерекшеліктерін құбылыстарын өз бетінше талдайды,  салыстырады,  қорытынды жасайды,  баға береді.

Көрнекті педагог А.С.Выготский баланы дамыту әрекеттері оқыту барысында іске асатынын дәлелдей келіп,  бала дамуының екі түрлі ортасы болатыны жайында теория ұсынды. Бірінші ортасы – айналасындағы үлкендердің әсері,  қабілетінше еркін атқара алатын іс-әрекеті болса, екінші ортасы – сабақ үстіндегі оқу-әрекетін тиімді әрі қызықты етіп ұйымдастыру. Сондықтан, білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс — тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Жаңартылған бағдарламамен жұмыс істеуде негізінен басшылыққа топта, жұпта жұмыс істеу алынады.  Топтық жұмыс кезінде мұғалім әр топтағы оқушының тапсырманы қалай орындап жатқанын кадағалай алады. Жұптық жұмыс кезінде жұптардың бір — біріне өзара көмегі, өзін — өзі реттей алуы,  бағалауы,  жүзеге асады.  Жеке жүмыста оқушы жұмысының жақсы жағына да, әлсіз тұсына да назар аударып отыру керек.  Оқушы жұмысын тексеру барысында әр жұмыстың нәтижесінде кері байланыс жасалынады. Сабақ барысында оқушының зейінін аударуды психологиялық тренингтің ықпалы өте зор. Оқушы бойына мейірім қалыптастыруда жылы лебіздің берер пайдасы мол.  Сабақ процесінде үнемі дағдыға айналатын жұмыстың түрі болып саналатын сабаққа жағымды ахуал туғызу. Топтық жұмыста кез – келген пәннен сөздік диктантты тексеруде, қателер,  табуда оқушылар бір — бірімен топта қызығы талқылайды.  Білім  алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінгі оку жүйесіндегі ерекше талаптардың бірі — оқушының оқу жетістігін анықтайтын критериалды бағалау. Оқуды тиімді бағалау — білім берудің оқытудағы ең негізгі кезеңі.  Бұл бағалау оқушылардың үлгерімін сыныптастарының үлгерімімен бірге салыстырмалы түрде бағаланатын норма.  Оқыту барысында оқушыны алға жетелеуде қадамын айқын жасауда, одан нәтижеге жетуге ықпал етеді. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік жане ұжымдық қарым – қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.

Уақыт талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыру, тиімді оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру арқылы ғана білім беру сапасын арттыруға болатыны белгілі.  Қазіргі таңдағы жаңартылған білім беруде білім беру сапасын арттыруда әсер ететін  факторлар мыналар:

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету;
  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы;
  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып оқытуды өзгерту;
  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру;
  • Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
  • Оқушылардың сыни тұрғыдан өз-өздерін бағалай алу және оқуын қалай жақсартуға болатындығы түсіндірудің қажеттілігі;

Шығармашылық әлеуеті дамыған өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін — өзі жан — жақты дамытуға қол жеткізеді.  Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізгі болмақ.

Бүгінгі заман талабы — жан жақты дамыған, өзіндік талабы бар қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.  Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз беті мен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

               Пайдаланылған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. ҚР Президентінің 2014 жылы 17 қаңтардағы « Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,  бір мүдде, бір болашақ » жолдауы.

2.Жонтаева Ж. Оқу бағдарлаларына мазмұнын жаңарту. \\«Білімді ел», 16 тамыз 2016,√15

3.Оразахынова К.  Дамыта оқыту технологиясы. Бастауыш білім. – 2003. -№6. – Б.

4.Жанпеисова М. М.  Технология модульного обучение. –Ақтөбе, 1999.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *