«Байланыс құралдары»

Асия Махамбетова
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: «Қоршаған әлеммен танысу»
Тақырыбы: «Байланыс құралдары»
Мақсаты: балаларды байланыс құралдарының түрлерімен таныстырып,олардың атауларын меңгерту. Құралдарды пайдалану ережелерімен таныстыру.Ой-өрістерін,
сана-сезімін, дүниетанымын дамыта отырып, тұлға ретінде дамыту. Қарапайым ақпарат көздерін қолдану дағдыларын жетілдіру. Ересектермен әңгімелесу, телехабар, компьютерлік ақпараттар және олардың мазмұнына қызығушылығын қалыптастыру және арттыру. Қызықты ойындар арқылы елестету және қиял болжамдарын дамытып, тіл байлығын , таным өнерін, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.
Көрнекіліктер: телефон, ұялы телефон, радио, компьютер, рация, пошта жәшігі.
Билингвальді компонент:байланыс құралдары-средство связи, телефон-телефон, ұялы телефон-сотовый телефон, радио-радио, пошта жәшігі-почтовый ящик.
Шаттық шеңбері:
Сәлем дейміз достарға,
Сәлем дейміз құрдасқа.
Сәлем дейміз ұстазға,
Сәлем дейміз қонаққа.
Айымыз ашық болсын!
Туымыз биік болсын!
Халқымыз тату болсын!
Балалар аман болсын!
-Балалар кәзір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-3 айды атап айтып берейікші?
-Бір аптада неше күн бар?
-Апта күндерін атайық?
-Балалар біздер өткен ұйымдастырылған оқу қызметімізде қандай тақырыппен таныстық?

-Дұрыс айтасыңдар.Балалар барлық мамандықтар бізге қажет екен.Әр мамандық иесінің өзінің атқаратын міндеттері бар,қоршаған әлемге,бүкіл адамзатқа тигізетін пайдасы зор екен.
Өткен тақырыпты қайталау.

Пошташы:
-Ия,балалар дұрыс айтасыңдар, бұл -пошташы.Өте қажет мамандықтың бірі.Яғни,балалар бұл пошташының міндеті әр үйге,әр жұмыс орнына хаттармен түрлі қуанышты хабарларды жеткізіп,алыста оқып жүрген
аға-апаларымыз бен ата-анамызды бір-бірімен пошта арқылы хат алмасып байланыстырып тұрады екен.Яғни, балалар алыс пен жақынды байланыстыратын құралдар бар екен, біздің бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы байланыс құралдары туралы болмақ.
Байланыс құралдарына- радио, телефон, ұялы телефон, компьютер, рация, пошта жәшігі жатады.
Байланыс құралдары — екі жақты байланыс орнатуға арналған.
Радио: сымсыз байланыстың бір түрі.Радио байланыстың қасиеті-әуе толқындары арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.

Компьютер:адамдар сабақ жазады,хат алысады,ойын ойнайды. Қазіргі таңда компьютер адамдарға ең қажет байланыс құралы .
Телефон:бұрынғы сымды байланыс құралы,бұл сымды байланыс құралы арқылы адамдар бір-бірімен байланысқа шығып,хал –жағдайларын сұрасып тұратын болған.Телефонды алған кезде әуелі амандасып,сөйлесіп болған соң қоштасып,телефон тұтқасын тетіктің үстіне кейін қояды. Қазіргі дамыған заманға сай әр адам өз қалтасына салып жүретін байланыс құралы сымсыз ұялы телефон.Телефон арқылы біз бір-бірімізге көмек қолын созып көмектесіп тұрамыз. Зиян
Ғажайып сәт: қоян келеді.
Қоянның іші ауырып,бізден көмек сұрап келеді.
Қоянға көмектесемізбе?
Осы кезде Ақерке телефон байланыс құралын пайдалана отырып жедел жәрдем шақырады. Дәрігер келіп қоянды қарап,өзімен бірге алып кетеді.

Тәрбиеші:балалар біз қоянға көмектестік.
-Қоянға көмектесу үшін кімді шақырдық?
-Біз дәрігерді шақыру үшін қандай байланыс құралын пайдаландық.
-Балалар біз бүгін лэпбукпен жұмыс жасаймыз,мен сендерге лэпбуктарыңды таратып берейін. Сергіту сәті:
(видео ролик)
Лэпбукпен жұмыс.
Билингвальді компонент:байланыс құралдары- средство связи,телефон-телефон, ұялы телефон-сотовый телефон, радио-радио, пошта жәшігі-почтовый ящик,рация-рация.
Қорытынды:
Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізде қандай тақырыппен таныстық?
-Байланыс құралдарына нелер жатады?
-Олардың қандай пайдасы бар?
-Олардың зияны қандай екен?
Мадақтау,марапаттау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: байланыс құралдары туралы; Игереді: байланыс құралдарын пайдалануды; Меңгереді: олардың атауларын,пайдасы мен зиянын:

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *