Құрғақ жүннен табиғат көрінісін жасау

Құрғақ жүнен табиғат көрінісін жасау.

Мақсаты:Жүннен бұйым жасаудың жаңа технологиялық тәсілдерін қолдана отырып шеберлікті ынталандыру мен белсенділікті арттыру.Құрғақ жүннен жұмыс істей оырып жаңа технологияны меңгеру.

Міндеттері: Заманауи өңделген жүндерден бұйымдар жасаудың жаңа әдіс-тәсілін көрсету.Қазіргі заманда сұранысқа сай қол өнер бұйымдарын жасап үйрену.Бұйымдарды көркемдеп өңдеу технологиясына түсінік беру.

Сабақ түрі: Жаңа технологияны меңгеру.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,көрсету,жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Керекті бұйымдар боялған жүндер,картинка жақтаушысымен.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең:

Кіріспе.

Негізгі бөлім: 1)жүн туралы  мағлұмат беру.

2)жүннен бұйым жасаудың жаңа технологиясы.

3) сабақ әзірлемесі.

Сарамандық жұмыс: 1) жұмыс жасауға керекті құралдарды тарату.

2) үлгі бойынша жүннен жұмыс жасау.

3) жұмысты әсемдеу.

Халқымыздың дәстүрлі тұрмысында жүннен бұйымдар жасау алдыңғы орында тұр.Салмағы жеңіл,фактурасы жұмсақ және жағымды,ауа өткізетін және жылу ұстайтын қасиеттері бар материал болып табылатын жүннен түрлі бұйым жасауда басқа ештеңе алмастыра алмайды. Алғашқыда жүннен киіз басқан және сырмақ жасаған.Ал қазіргі заманға сай киіздің орнын ауыстыратын түрлі төсеніш түрлері шығып кетті.Жүннен бұйымдар дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді,тек оған белгілі бір машық төзім керек.Жүннен жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілі бар.Бірінші әдіс,атынан көрініп тұрғандай суды және киіз басу үрдісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді оның сабын немесе (турбо) тәрізді арнайы жуғыш құрал болуы ықтимал.Екінші әдіс соңғы кезде пайда болды.Ол жазық заттарды да,жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді.Онда арнайы инелер қолданылады.Бірімен – бірін үйлестіре қолданғанда олар шығармашылық үшін шексіз мүмкіндік береді.

Біздің бүгінгі жасалғалы тұрған бұйымымыз арнайы құрылғысыз,жетістікке жететін боламыз.Түрлі тәсілдердің түрін пайдалануға және әртүрлі материалдарды араластыруға болады.Тура жасалмаған суретті тұзетуге немесе салынған суретті мүолем алып тастауға болады.Жүннің түрлі түстерін айқын жіктен шекарасын дәл ажыратуға болады.Көлемді   детальді тіпті мүсін жасауға болады.

Сабақты қорыту: Білімді жан-жақты тәрбиелі,қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы,сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсіруге халық қол өнерінің рөлі орасан зор.Абай атамыз: «Егер мал керек болса,қол өнер үйренбек болар», «Мал жұтайды,өнер жұтамайды»деген болаты. Қолөнер дегеніміз кәсіптің бірі.Ал кәсіпшілік ол адамның тіршілік көзі. Мектеп қабырғасында қолөнердің бастауынан нәр алған жастар болса,өмірде өз орнын таба алады.

Үйге  тапсырма:  Қайталап жасап келу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *