Қазақ тілі пәнінен сынып сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ Мектеп «№80 ЖББМ» КММ
Күні: 29.06.2018 Мұғалімнің аты-жөні: Қаламбек Сажида Қанатқызы
Сынып 6 (Т2) Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Қуат көздері
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 6.1.2.1.Тыңдаған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі:
Қуат көзін қайдан алатынын атай алады.

Кейбір оқушылар:
Мәтінді мазмұндай алады.

Бағалау критерийі: Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алады, қуат көзін қайдан алатынын атай алады, ақпараттарды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар 1. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
(Қуат көзі, табиғи, зиян, байлық, тиімді, үнемдеу, су, жел, күн, көмір, мұнай, жарық..)
2. Жаңа сөздерме. Сөйлем құра алады.

Құндылықтарды дарыту Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қараймыз.

Пәнаралық байланыс
Физика
АКТ-ны қолдану Интербелсенді тақта, word, audio, компьютер
Бастапқы білім І- тоқсан бойынша қайталау

Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
8 минут

болжау Ұйымдастыру кезеңі
Барлық сынып оқушыларларымен амандасу.
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
Білім алушылармен бірге теңіз жағасына саяхат жасайды. Көздерін бір сәткен жұмғызып, өздерін теңіз жағасында екенін сезінеді, Ол үшін теңіздің жағасында, судың сыңғырлаған үні мен толқындардың, самғаған шағалалардың даусы естілетін дыбысты қосамын.
Әдемі қоңыр дауыспен мәтін оқылады.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Бұл трейнингтің мақсаты: білім алушыларға өзін жайлы сезінуге, шаршағандарын басуға, көңіл-күйлерін жақсартуға жағдай жасау.

Үй тапсырмасын тексеру
«Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы өткен тарауға қайталау жұмыстарын жүргізіледі.

1. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
2. Мұхтар Әуезов пен Абай Құнанбаевты не байланыстырады?
3. Абай жолы романы туралы не білесіз?
4. Қала мен ауыл өмірінің айырмашылығы неде?
5. Жайлау туралы не айта аласыз?
6. Мұқағали Мақатаев кім? Ол туралы не білесіз?
7. Мұқағали Мақатаевтың қандай шығармаларын білесіз?

Мұғалім мадақтау сөздер арқылы бағалайды

Топқа бөлу
Тақтаға 15 күлсеті бар гүлді жабыстырып, әр күлтесіне «суға, күнге, желге» қатысты сөздер жасырылады, білім алушылар бір күлтеден таңдайды. Олар таңдап болған соң СУ, ЖЕЛ, КҮН деген 3 топқа бөлініп отырады.

Білім алушылар топқа бөлініп отырғаннан кейін мұғалім оларға өзінің іс-әрекетін мұқиат бақылауын ескертеді, және осы іс әрекеттер бүгінгі сабақпен байланысты екенін айтады. (терезедегі жалюзиді ашады (күн түседі), жарықты жағып, қайта өшіреді, суды ағызып өшіреді немесе қолын жуады. ) Содан соң бұл істеген іс-әрекеттері мен қолдарындағы күлтедегі сөздерді не байланыстыратынын сұрайды. Білім алушылар әртүрлі жауап ұсынуы мүмкін, сонында қорыта келе тақырыптың «Қуат көздері» екенін айтып тақтада қалған гүл күлтешелерінің тостағаншасын ашады.

Мәтін алды жұмыс
Жаңа сөздер алдын ала тақтаға жазып іліп қойылды, әр топқа
Үлестірме материал таратылады. Білім алушылар өздері білетін сөздерді аудармасымен және білгісі келетін сөздерді тізбектеп жазды.
Қуат көзі, табиғи, зиян, байлық, тиімді, үнемдеу, су, жел, күн, көмір, мұнай, жарық.

Белемін Білгім келеді

Аудио жазба

Сабақтың ортасы
(Сергіту сәті)

24 минут

Бағалау

Бағалау

Бағалау 1 тапсырма
Жаңа сөздермен жұмыс. «Адасқан сөздер» ойыны
Әр топқа конвертпен таратылады. Ол сөздерден сөйлемдер құрастырады. Мұғалім сөйлем оқиды, егер білім алушының қолында сөйлемге қажетті сөздер болса тақта алдына жиналып тұрады.
1. Мен түнде жатарда жарықты өшіріп жатамын.
2. Қуат көзін үнемдеймін
3. Су, жел, күннен табиғи қуат көзін алады.
4. Телефонды жиі қасыңда ұстау зиян.
5. Ғаламторды пайдалану тиімді.
6. Мұнай пайдалы қазба.

Бұл тапсырманың мақсаты жаңа сөздерді игерту.

2 тапсырма
Мәтінді компьютерден 2 рет тыңдайды.
ХХІ ғасырда электр құйылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника т.б) елестете алмаймыз. Сондықтан тұрғындардың өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұнай отынының табиғатқа зияны өте көп. Пайдалы қазбалар азайып, ауа мен су ластанып, орман кесіліп жатыр.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа техналогиялары көрсетілді.Судан, жерден, күннен қуат көзін алудың әртүрлі тиімді жолдары көрсетілді.

Тыңдалған мәтінде не туралы айтылғанын анықтау үшін «Қарлы кесек» ойыны арқылы сұрақтар қойылады.
Қуат көздерінің қандай түрлерін білесіздер?
1. Қуат көзін алуда табиғатқа қандай зиян келеді?
2. ЭКСПО-2017 қандай тақырыппен өтті?
3. Тиімді жақтары қандай?
4. Электр қуаты бізге не үшін керек?
Деген сұрақтар қойылады.

Тыңдалған мәтін бойынша ақпараттарды ретімен орналастырады.

а Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр.

ә Тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлемдегі басты мәселеге айналды.

б ЭКСПО-2017 көрмесі өтті.

в ХХІ ғасырда электр құйылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника т.б) елестете алмаймыз.

г Судан, жерден, күннен қуат көзін алудың әртүрлі тиімді жолдары көрсетілді

ғ Мұнай отынының табиғатқа зияны өте көп.

Дискриптор
1. Мәтіннің мазмұнын түсінеді
2. Сұрақтарға жауап береді
3. Ақпараттарды ретімен орналастырады.

Бұл тапсырманың мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіну.

3. Тапсырма
«Броун қозғалысы» әдісі арқылы білім алушылар мәтіндегі негізгі ақпаратты көк молекулаға және қосымша ақпаратты қызыл молекулаға орналасты. Ол үшін 3 топқа А4 форматында үлестірме материал таратылады.

Негізгі ақпараттар

Қосымша ақпараттар

Тапсырманы аяқтап болған соң білім алушылар «Шапалақ» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды, ең бірінші және дұрыс жауап берген топқа шапалар қатты соғылады.
Бірін-бірі бағалатудың мақсаты білім алушыларды шынайылыққа, уақытты үнемді пайдалануға, дұрыс жауап бере алуға үйрету.

Дискриптор
4. Мәтіннің мазмұнын түсінеді
5. Сұрақтарға жауап береді
6. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

3 топ бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды

Білім алушылар бірін-бірі бағалайды.
Білім алушыларға бірін-бірі бағалатудың мақсаты: шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ф.Ш.Оразбаева, Д.Т.Дәулетбекова, Р.С.Рахметова, А.Қ.Рауандина, Қ.С.Жайлаубаева «Қазақ тілі мен әдебиеті», Байтерек, «Көкжиек-Горизонт», 6 сынып 2018 ж
74-бет.

www.kartinki.kz

Интербелсенді тақта

www.massaget.kz

Сабақтың соңы
8 минут

Бекіту тапсырмасы

3.2.1. стратегиясы беріледі. Бүгінгі сабақтан үйренген 3 нәрсе, қызықты болған 2 нәрсе, күрделі болған 1 нәрсені жазада.

3 Мен бүгін үйренген 3 нәрсе
2 Мен үшін қызықты болған 2 нәрсе
1 Мен үшін күрделі болған 1 нәрсе

Бұл тапсырманың мақсаты: білім алушылардың ойын қорытындылау

Рефлексия

Сабақтың соңында білім алушылар кері байланыс береді. Стикерлар таратылады, сол стикерларға атын жазып қоржындарға салады.

1 қоржынға – өте жақсы түсіндім мен үшін қызықты болды.
2 қоржынға – мен сабақты жақсы түсіндім.
3 қоржынға – тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.
бұл кері байланыстың мақсаты: тақырыпты кандай деңгейде түсінгенін анықтау, 3 қоржынға салған білім алушылармен алдағы уақытта қосымша жұмыстар жүргізу.

Үй тапсырмасы
Тағы қандай энергия көздерін білесіздер?

Titan.nov.ru

Қосымша ақпарат
Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
3 тапсырмада қолдандым, себебі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі қабылдауы мүмкін.

-мұғалім тарапынан бағалау;
-сұрақтарға жауап беру қиын болды ма?

мұғалім білім алушыны мадақтама сөздермен жүргізіледі «Тамаша» «Керемет»;

«Бұл — жақсы жауап әдісі»

«Шапалақ», «Бас бармақ» әдісі
(топтар бірін-бірі бағалау

Рефлексия
(мұғалім үшін)
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қандай деңгейде өтті?
Саралау тапсырмасы іске асты ма?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Сабақ мақсаттары мен міндеттері орындалды, себебі сабақ барысында білім алушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізу арқылы тақырыпқа байланысты берілген тапсырмалар толығымен орындалды. Сабақта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, дағдаларды қалыптастырдым.. Тапсырмаға сай саралау түрлерін қолдандым.
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1.
2.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *