Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”

  • Бақыттың кілті- балалық шақта

  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”

  • Бала құқығы – асыл қазына

  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

  • “Үйірме” 2020-2021

  • Күз сыйы

  • “Бағдаршам”

  • Құстар

Без рубрики
Home›Без рубрики›Эссе “«Маған ғылым мен шығармашылық әлемін ашқан мұғалім»”

Эссе “«Маған ғылым мен шығармашылық әлемін ашқан мұғалім»”

By admin
18 февраля, 2020
294
0
Share:

Мектеп дейтін зәулім сарайдың табалдырығын ең алғаш рет имене аттаған сәтте мені қарсы алған нұр жүзді аяулы жан – менің Ұстазым. Әжемнің әлдиін естіп, анашымның аялы алақанын сезініп келген мен тәрізді сарыауыз балапан – балаға алғашында  бәрі таңсық, бәрі таныс емес еді. Күлімсіреген Ұстазымның ұстатқан алғаш кітабы менің кіп – кішкентай санама Ұлы төңкеріс жасаған Әліппе болатын. Атам айтатын «Білім – өмір шырағы» дейтұғын нақыл сөздер бекер айтылмаған ба?! Дәл осы күннен бастап мен қолыма ғылым мен  білімге бастап апарар  өмірдің  шырағын  ұстаппын. Нәп – нәзік саусақтарым дір-дір етіп, дәптердің аппақ бетіне алғашқы әріптерді жазуды үйрендім. Жүрегіме жылы да, жақын сөздер «Ана», «Отан» сөздерінің қасиетін де ұғындырған өзіңсің Ұстазым.

Күннен – күнге қауырсын қанаттарым қатая түсіп, мені қоршаған сұлу әлемнің құпияларын білуге асықтым. «Талап» дейтін тұлпарға мініп  биіктерді бағындыруды армандадым. Өйткені,  мендей әрбір жас түлекті баулитын ұлағатты ұстаз бар!

Біз – тәуелсіз елдің балдырғандарымыз. ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Өнер, ғылым, білім сәт сайын қарыштап дамуда. Әрбіріміздің бойымыздағы дарын, таланттылық қабілеттері емін – еркін көрсету үшін, ашу үшін барлық жағдай жасалған. Инженер, ақын, суретші дейсің бе, кім болғың  келеді, тек қана өз бойыңнан еңбекқорлық пен ізденімпаздықты таба білсең болғаны. Міне, мен осындай жарқын заман ұланымын. Ұлағатты Ұстазым қалың тұманда адастырмай жол тауып беретін компас сияқты.  Ел үшін қызмет қылатын ақылды азаматтар сіздердің алдарыңыздан өтеді,  ұстаздар.

«Өзгенің бақытын аялағаны үшін, өз уақытын аямаған» Ұлы жандардың еңбегіне шексіз алғысымды айтамын. Ыстық ұясынан алысқа ұзап шықпаған сарыауыз балапандар еліміздің ертеңі.

Диқаншы жерге сепкен дәнін ұзақ баптап күтеді, күзде жинап алады. Ал мұғалім өз еңбегінің жемісін жылдар бойы сарылып ұзақ күтеді, өткені ол адамның ақыл-ойын тәрбиелейді. Оның еңбегінің жемісі – ақылды, дарынды, талантты, жақсы адамдар.

Previous Article

XXI ғacырдaғы мұғaлiмнiң кәciпқoйлығы

Next Article

IT сыныптың ашылуы

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • Без рубрики

    Жануарлар қайда мекендейді

    18 февраля, 2020
    By admin
  • Без рубрики

    Бисерден жасалатын бұйымдарға жалпы сипаттама. Доллар ағашын жасау.

    19 апреля, 2019
    By admin
  • Без рубрики

    Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану

    18 февраля, 2020
    By admin
  • Без рубрики

    тарихи тұлғалар тағылымы

    18 апреля, 2019
    By admin
  • Без рубрики

    Заттардың құрылысы мен қасиеттері

    18 февраля, 2020
    By admin
  • Без рубрики

    Урок “Истори о друзьях”

    18 февраля, 2020
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • БАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Сабын көпіршіктерімен ойын

  • Технология

    Ұсақ моншақтардан гүл жасау

  • Деңгейлік оқытуМатематикаСабақ жоспары

    Рационал сандарға амалдар қолдану

Жаңа жарияланымдар

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”
  • Құстар

Жаңа жарияланымдар

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”
  • Құстар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика