Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”

  • Бақыттың кілті- балалық шақта

  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”

  • Бала құқығы – асыл қазына

  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары

  • “Үйірме” 2020-2021

  • Күз сыйы

  • “Бағдаршам”

  • Құстар

Балабақша
Home›Балабақша›Ел боламын десең…

Ел боламын десең…

By admin
18 февраля, 2020
387
0
Share:

Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы ,

«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Мухаметжанова Эльвира Асылбековна

 

ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ…

Қоғам үшін әр кезеңде әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ананың тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін , психологиялық үрдістерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көзделген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие келесідей міндеттерді шешеді: отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру; еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету; отбасы мүшелерімен тіл табысып дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге үйрету. Сонымен қатар, әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада, мектепте тәрбие беріледі.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. Қазақ халқында «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » деген қанатты сөздері бар, отбасында әдемі таным , түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол қасиет бойынан табылады. Сондықтан баланың есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Отбасы – барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал, әке мен шеше баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты білімде. «Білім  бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», – деген Ахмет Байтұрсынов. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың жауапкершіліге арта түсуде . Сондықтанда, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасының басым рөлін мойындай отырып қашанда бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Қазіргі уақытта әрбір тәрбиеші балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыс жасауда. Өйткені тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндері дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу тәрбиеші мен отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», – деп белгілі философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл – парасатты, өрісі биік азаматтары мен азаматшалар етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр.

Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген, сүйекпен кетеді» – дейді ұлы халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу ұл-қыздарды тәрбиелеуді басты назарымызда ұстайық. «Бұтағымен ағаш сымбат, ұрпағымен адам қымбат» деген аталы сөзден алыстамайық. Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың еншімізде екенін естен шығармайық.

Previous Article

Үй жануарлары және жабайы аңдар

Next Article

Астана бас қала

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • Балабақша

    «Step by step» технологиясының тиімділігі

    18 ноября, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Тақырыбы: Туған қалам –Қостанай.

    17 сентября, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Қыркүйек айының циклограммасы

    3 сентября, 2020
    By admin
  • Балабақша

    «Күз ғажайыптары»

    4 декабря, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Ойыншықтар сыры.

    4 марта, 2019
    By admin
  • Балабақша

    ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (30-03-қараша 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

    8 января, 2018
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • Жалпы рубрика

    Her Majesty the Queen Elizabeth II

  • Баяндамалар

    «Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

  • Баяндамалар

    Тарих сабағында АКТ-ны қолдану

Жаңа жарияланымдар

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”
  • Құстар

Жаңа жарияланымдар

  • “Жол белгілерін білейік,аман-есен жүрейік”
  • Бақыттың кілті- балалық шақта
  • “Жабайы жануарлар. Түлкі”
  • Бала құқығы – асыл қазына
  • «Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг
  • 2020 жыл Қазан айы 4-ші апта “Ботақан” сабақ жоспары
  • “Үйірме” 2020-2021
  • Күз сыйы
  • “Бағдаршам”
  • Құстар

Күнтізбе

Январь 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Дек    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика