Ұстаз — білім шырағы

Тленчиев Меирбек Кондыбайулы

Қазіргі   қарқынды  дамып  жатқан  әлемде  білім  саласында  өзгерістердің   болуы  заңды   құбылыс. Қазір  неліктен  оқушыларымыз  халықаралық  PISA,TIMSS,PIRLS   зерттеулерінде  өз  білімдерін  жоғары   деңгейде  көрсете  алмай  жүр?  Міне,  осы   сұрақ   ұрпақ  үшін  жаны  ауыратын  әр   ұстазды  мазалайды  десем   болады.    Елбасы  Н. Ә. Назарбаевтың  халыққа  жолдауы   « «Қазақстан  -2050»  стратегиясында  «Бәсекеге  қабілетті  дамыған   мемлекет болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары   елге  айналуымыз   керек» — деп  атап  көрсеткеніндей, білім  берілуімен  маңызды емес ,  маңыздысы – білім  беру  сапасын  көтеру  болып  отыр.

«Ел  мен  елді , адам  мен  адамды теңестіретін  білім » деп — ұлы  ғұлама жазушы М. Әуезов  айтқандай ,  жас  ұрпақты  жан- жақты   дамыған жеке тұлға  ретінде  қалыптасуы   үшін ұстаздарға  артылар  міндет те  ауырлай  түсуде.

Ұстаз  еңбегі – оқушы  білімімен  өлшенеді.  Ұстаз  еңбегінің    күрделілігі-  әрбір   оқушының  жүрегіне  жол  табуында,  әрбір  баланың  бойындағы  қабілетті  дамыту  арқылы  өзін, өмірді, әлемді  тануға,  қоғам   алдындағы  жауапкешілікті  сезіндіру.  Бүгінгі  ұстаз, ескінің  көзіндей  болып, дүниежүзілік мәдениетті  танитын, төл  мәдениетін сыйлайтын, оны өзгеге  таныта  алатын, рухани  дүниесі  бай, интеллектуалдық  деңгейі жоғары,  білімді  болуы  керек.

Ұстаздың  оқу- тәрбие  ісі   жастардың  жүрегін  тебірентіп, ой-  сезіміне әсер  ету  үшін :

біріншіден, өзі жан-жақты   дамыған  білімді,  саяси  сауатты  болуы  керек;

екіншіден,  өз  бойындағы  білімді оқушы  жүрегіне  еркін, шеберлікпен жеткізе  білетіндей   шығармашылдығы;

үшіншіден, оқушының  психологиялық  ой — өрісін  бақылай  алатын  сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне  деген сүйіспеншілікті  жинақтаса  ғана  ол  -нағыз    ұстаз.

Міне, осы   талаптарды  әрбір  мұғалім  тұрақты    ұстанып отырса ,ұстаздың күш-қуаты жоғары,еңбегі жемісті болмақ.

«Балам дейтін жұрт болмаса,Жұртым дейтін бала қайдан болсын»-деп ұлт жанашыры А.Байтұрсынов  тегін айтпаса керек.Бұл әрбір ұстазға айтылған өсиет сөз деп қабылдағанымыз жөн.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *