Оқу Білім Республикалық білім порталы

Top Menu

  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

Main Menu

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтыңызға кіріңіз
Кілт-сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Сайт ережесі. Пайдаланушылық келісім
  • Сертификат. Құрмет грамотасы. Алғыс хат

logo

Header Banner

Оқу Білім Республикалық білім порталы

  • МЕКТЕП ПӘНДЕРІ
    • Бастауыш сынып
      • Әдебиеттік оқу
      • Сауат ашу
      • Жаратылыстану
      • Ана тілі
    • Қазақ тілі
    • Қазақ әдебиеті
    • Қазақстан тарихы
    • Алгебра
    • География
    • Информатика
    • Математика
    • Геометрия
    • Биология
    • Физика
    • Химия
    • Алғашқы әскери дайындық
    • Мектепалды даярлық сынып
    • Орыс әдебиеті
    • Дүние жүзі тарихы
    • Құқық
    • Дене шынықтыру
    • Шет ел тілі
    • Ағылшын тілі
    • Орыс тілі
    • Технология
    • Өзін-өзі тану
  • Балабақша
  • Колледж пәндері
  • АТОМ ЯДРОСЫ.ИЗОТОПТАР.

  • Витамины

  • Тістің құрылысы және гигиенасы.

  • «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ӨНЕГЕ МҰРАСЫ»

  • Тәуелсіз елімізді мақтан тұтамыз

  • “Сұр қоян”

  • Тәуелсіздік–елімнің ерлік жолы

  • Алаштың тұңғыш газеті-“Қазақ”

  • Ұлт ұстазын ұмытпау – міндет!

  • «Теңіз әлеміне саяхат»

Қазақ әдебиеті
Home›Қазақ әдебиеті›Ұлт ұстазын ұмытпау – міндет!

Ұлт ұстазын ұмытпау – міндет!

By
25 марта, 2021
43
0
Share:

ХХ ғасыр – қазақ халқының ешқашан жадынан кетпейтін ұлы оқиғаларға куәгер болған ғасыр. Сан түрлі соқпақты басынан өткерген қазақ қай қиындыққа болмасын қасқайып қарсы тұра алды, соның нәтижесінде қазіргі егемендікке жетті. Себебі қазақтың үміті мен үрейін арқалаған, “оян, қазақ!” деп ұрандатып, халқын “маса” болып оятқан зиялы ұлт қауымы болды. Ол – Алаш зиялылары, Алаш ардақтылары, ұлт үшін жанын пида еткен ұлы азаматтар! Халқының болашағы үшін бар күш-жігерін салып, бастарын бәйгеге тікті. Ұлтының ұлы көшбасшылары бола білді. Алаш зиялыларының қайсыбірін айтсақ та, кеудеде “ Мен – қазақпын” деген үлкен мақтаныш сезімі орнайды.

Алаш арыстарының ішінде қазақтың саяси өміріне ғана емес, мәдениетіне, әдебиетіне, тіліне, ғылымына зор үлесін тигізіп, ұлттың ұлы кітапханасының бір бұрышын қалаған – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол – ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор! Ол – тіл табиғатын сақтау үшін аянбай тер төккен ғалым! Ол – сан түрлі ғылымды бір бойына жинай алған әмбебап тұлға! Ол – халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы Ахмет Байтұрсынұлы! Заманындағы алып тұлғалар да оның ұлтжандылығын асқан мақтанышпен суреттейді. Бұған дәлел – замандасы, жалынды ақын Сәкен Сейфуллиннің мына бір сөздері: “… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.”

Ғалымның ерен еңбегі қай ғасырда болмасын халқы үшін құнды, бағалы. Бүгін де ұлт зиялысына арнап ашылған орындар өте көп: институт, мұражай-үй, ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік орталық, аты берілген түрлі оқу орындары және мектептер, тағысын тағы. Тағы бір мақтанышпен айта кететін жайт – елімізге елеулі жоғары оқу орындарының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің студенттері өндірістік тәжірибе барысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «ТІЛ – ҚҰРАЛ» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығымен келісімшарт жасап, ұлт зиялысының ғылымдағы ғұмырымен, рухани мұрасымен жете танысуда. Өндірістік тәжірибедегі басты мақсат – ұлт ұстазының ұлы істерін ұрпақтарына көрсету және ұстаздың салған сара жолын жалғастырар шәкірттер қалыптыру. Ахмет Байтұрсынұлының бүгінгі күнге қалдырған мол мұрасын біреу білсе, біреу білмейді. Ал оның зерттелмеген қазыналары әлі де жетерлік. Сондықтан да, халқымыздың тілі мен әдебиетіне айтарлықтай зор үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлының ұшан теңіз еңбектерін зерттеп, оларды көпшілікке танытып, дәріптеуіміз керек.

Айберген НҰРАЛЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті.

Райхан ИМАХАНБЕТ
ф.ғ.к., аға оқытушы.

Previous Article

«Теңіз әлеміне саяхат»

Next Article

Алаштың тұңғыш газеті-“Қазақ”

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

Related articles More from author

  • Қазақ әдебиеті

    «Ескендір» поэмасы

    16 января, 2017
    By admin
  • Деңгейлік оқытуҚазақ әдебиетіСабақ жоспары

    Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы

    1 апреля, 2016
    By admin
  • Қазақ әдебиеті

    Компьютердің пайдасы мен зияны

    22 января, 2019
    By bilimger
  • Қазақ әдебиеті

    Жаңартылған білім беру мазмұнына жағдайында М.Әуезов шығармаларын оқытудағы өзекті мәселелер

    24 октября, 2018
    By admin
  • Қазақ әдебиеті

    Ж.Жабаевтың өмірі,шығармашылығы

    5 апреля, 2017
    By admin
  • Қазақ әдебиеті

    Абайдың қара сөздері

    12 февраля, 2017
    By admin

Leave a reply Отменить ответ

Сізге ұнауы мүмкін

  • Uncategorized

    Fiction and Nonfiction?

  • Балабақша

    1-10 ға дейінгі сандарды санау және кері санау

  • БалабақшаТехнологиялық карта

    Бірлігіміз жарасқан

Жаңа жарияланымдар

  • АТОМ ЯДРОСЫ.ИЗОТОПТАР.
  • Витамины
  • Тістің құрылысы және гигиенасы.
  • «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ӨНЕГЕ МҰРАСЫ»
  • Тәуелсіз елімізді мақтан тұтамыз
  • “Сұр қоян”
  • Тәуелсіздік–елімнің ерлік жолы
  • Алаштың тұңғыш газеті-“Қазақ”
  • Ұлт ұстазын ұмытпау – міндет!
  • «Теңіз әлеміне саяхат»

Жаңа жарияланымдар

  • АТОМ ЯДРОСЫ.ИЗОТОПТАР.
  • Витамины
  • Тістің құрылысы және гигиенасы.
  • «НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ӨНЕГЕ МҰРАСЫ»
  • Тәуелсіз елімізді мақтан тұтамыз
  • “Сұр қоян”
  • Тәуелсіздік–елімнің ерлік жолы
  • Алаштың тұңғыш газеті-“Қазақ”
  • Ұлт ұстазын ұмытпау – міндет!
  • «Теңіз әлеміне саяхат»

Күнтізбе

Апрель 2021
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Мар    

Жалпы мәліметтер

OQU-BILIM.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     o-bilim@mail.ru

Сайт материалдарын басқа сайттарға немесе жобаларға, коммерциялық жобаларға сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.

Яндекс.Метрика