Болашақ тәрбиесі — баршаға ортақ

Болашақ тәрбиесі – баршаға ортақ

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.

Отбасы — әр адам- нын шағын отаны. Ол коғамның бір бөлше- гі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген ке- лешек ұрпакты жал- ғастыратын болашақ. Адамның өміріндегі ең куанышты кызык дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашкы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмыстарын аткаруға кіріседі.

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады.

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі, ең алдымен, дені сау, үлттык сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында баска да ізгі қасиеттер қалыптаскан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазакстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырым- дамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымактастык пен түсіністік болып табылады. «Үядан не көрсең, ұшканда соны ілесің» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған койылатын талаптар да күшейе түседі. Акыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын калыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында әрі мектепке дейінгі жаста қаланады. Балалар үйде ата-анасының еңбектегі ісіне және сөйлеу мәнеріне көніл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап, жағдайларын біліп отыруы кажет.

Сонымен катар ата-аналардың балаларын орынсыз еркелетуі де — аландататын мәселенің бірі. Баланы еркелетудің де жөні бар. Кейбір ата-ана балаларын шектен тыс еркелетіп жібереді. Шектен тыс еркелеп өскен бала ешкімнің айтканына көнбейді, тек өз ойын ғана іске асырып, біртіндеп өзімшіл, өркөкірек болып өседі. Мүндай жаксы көрудін өзі баланың дұрыс тәрбиеленуіне зиянын келтіреді.

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.

Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.

Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану, сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке дайындау.

Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарым-қатынас барлық нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, ата-аналар, педагогтар арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру, өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу — оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске ата-аналармен әңгімелеседі, олардың алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе ата-аналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың ата-аналарын шақырамыз.Ата-аналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі, проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты болып табылады.Кейбір жас ата-аналарға семинар — практикумдардың маңызы зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық жиналыстарды талқылауға 2-3 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші дайындайды, басқа мәселелер бойынша ата-аналар немесе мамандардың біреуі дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?», «Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.

Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ.

Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты, әсекеге қабілетті , өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды ұрпақ  тәрбиелеу. Осы жолда аянбай еңбек етуді өз парызым деп білемін.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *