2020 (4 сәуірде жазылған)

Жаңа жылда жаңалықтар көп болар,
Бірі жақсы,бірі жаман боп тұрар.
Биылғы жыл еріктілер жылы боп,
Бекітілді, енді үміттер ақталар.

Деп сенеміз,өткені тек үш-ақ ай,
Бола тұра өтті жағдай бірталай.
Еске алғың келмесе де ешбірін,
Үрей деген кетпес ойдан бұл қалай?! Жыл басталып жаман хабар көп алдық,
Австралия өртке оранды деп қалдық.
Миллиардтаған жануарлар қырылып,
Көңілдерге қаяу салды ол барлық.

Иран менен арасында АҚШ-тың,
Жанжал туды «бастамасы соғыстың».
Деп жүргенде ұшақ құлап аспаннан,
Қаза тапты бортта болған бар адам. (Украйна)

Бұл жағдайда Қытай тыныш бола ма?
Ауыр дертті таратты бар жаһанға.
Емін таппай бұл вирустың мамандар,
Бұл дүниеден өтті біраз адамдар. Сол вируспен қатар келген бұл ауру,
Түсініксіз болып кетті мынау күн.
Өздігінен талып,құлап адамдар.
Күресуде онымен де мамандар.

Табиғаттың қаһарлы бұл күші ме?!
Түркияда жер сілкінді бір түнде.
Ал бір түні дауыл тұрып қаһарлы, (Колумбия)
Су тасқыны болып кетті бір түнде. (Испания,Бразилия)
Ұзақ тұрған жанартаулар атқылап,
Мексика мен Италия жерінде

Бұның бәрі жаратқанның сынағы,
Еш үміттің өшпесінші шырағы.
Бір жамандық, жүректегі үмітім,
Әрқашанда алға бастап тұрады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *